19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда қаласының әкімі тұрғындарға үндеу арнады

19 Қазан 2020 14:29
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда қаласының әкімі тұрғындарға үндеу арнады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қазан. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһар шеңберінде пандемияның екінші толқынының алдын-алу мақсатында үндеу жариялады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Қазірге дейін Қазақстанда Қызылорда облысынан басқа қалалар мен өңірлердің бәрінде дерлік карантин талаптарын күшейту шаралары қабылданып қойды. Пандемияның екінші толқыны сонау Ұлыбританиядан бастап, Франция, Германия секілді мемлекеттердің бәрінде басталып кетті. Оның екпіні бүгінде Ресейде де қатты білініп тұр. Сондықтан сақтанбаса болмайды.

Жасыратыны жоқ, кейінгі кездері облыс пен қала тұрғындары арасында бейқамдық пен ауа жайылушылық, жауапсыздық пен жайбарақаттық қайта бел алып бара жатқаны байқалады. Тұрғындардың көпшілігі қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруді дағдыға айналдырды. Қоғамдық көліктерде жолаушылардың басым бөлігі тұмылдырықсыз жүре беретін болды. Бірақ оларға ескерту жасап, көлікке мінгізбей қойып жатқан жүргізушілер мен кондукторлар жоқ. Таксистер арасында тіпті маска тағып жүрген жанды емге таппайсың. Түнде ресторандардың терезелерін тұмшалап, есіктерін жауып тастап, ұрланып той-томалақ өткізетіндер өздерін жұрттан асқан ақылды, қу, айлакер, тапқыр санайтын санатқа жетті. Бұдан қалды, түнгі клубтардың өзі жасырын мереке мезіретін жасайтын бағалы баспана болып барады. Үйлер мен кафелерде түрлі қазақы ырым-жырымдар өткізу жиілей бастады. Осының бәрі билік ұйымдастырып жатқан сақтық шараларының нәтижелерін түгел жоққа шығарып отыр.

Ал осы тұста телеарналардан Ресейде, Британияда, Германияда бетпердесіз жүрген адамдарды тәртіп сақшыларының дереу қоршауға алып, қолдарын қайырып, жерге жығып, тұтқындап жатқандарын күнде көріп жүрміз. Мұның бәрі, әрине, еріккеннен болып жатқан шаралар емес. Себебі, енді келетін індет толқынының бұрынғыдан да қауіпті болатын түрі бар. Бірақ біздің халық сонда да айылдарын жиып, ақылға келетін емес. Қайта осыны айтып, ескерткен адамның жағасынан ұстай кететіндер табылып жүр.

Міне, осындай төзгісіз жағдайдың қатты белең алып кетуіне байланысты Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін қала тұрғындарына арнап үндеу жариялады. Онда тойларды ұйымдастырған немесе тойларға қатысқан мемлекеттік қызметшілер, бюджеттен қаржыландырылатын мекеме басшылары мен қызметкерлері анықталған жағдайда оларға қатысты арнайы шара қолданылатыны қарастырылғаны айтылған. Сондықтан барлық мемлекеттік қызметшілер, аумақтық департамент, облыстық басқармалар мен әкімдік құрылымына қарасты мемлекеттік мекемелер қызметшілері, сонымен қатар бюджеттен қаржыландырылатын барлық деңгейдегі кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері, мектеп директорлары мен балабақша басшылары карантиндік талаптарды қатаң сақтауға және той-томалақтарға, ырым-жоларғыларға, көңіл көтеретін басқа да ойын-сауық кештеріне қатыспауға шақырылады.

«Егер мониторингтік топтың іс-әрекеттері барысында жоғарыда аталған мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметшілері қатысқаны анықталған жағдайда тәртіптік шара басқа да шараларды қолдану туралы құзырлы органдарға ұсыныс берілетін болады. Атап айтқанда, облыс әкімдігіне және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке тиісті ұсыныстар енгізіледі.  Осыған орай мемлекеттік және мекеме қызметкерлері, басшылық құрамға  өлім-жітім, той-томалақтарға қатысуға және ұйымдастыруға қатаң тыйым салыну қажет», – делінген үндеуде.

Таңбалар: коронавирус (covid-19)Нұрлыбек Нәлібаевпандемия

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist