Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Затулин: Біз армяндардың талап етушілігінен шаршадық

МӘСКЕУ. 23 қазан. Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин армяндардың ұдайы Ресейге не істеу керек екенін үйрететіні шаршатып жібергенін айтты. Бұл туралы «Грапарак» газеті хабарлады.

Депутат Арменияның «Грапарак» газетіне берген сұхбатында ресми Ереванның Таулы Қарабақ соғысына байланысты Ресейдің не істеуі керек екені жөнінде білдірген нұсқауларына ашу білдірді.

«Менің көзқарасым бұрыннан белгілі, сондықтан жұртың көбі мені «армянға жақтас саясаткер» деп атайды. Бірақ мен мынаны ашып айтқым келеді: біз армяндардың Ресейге не істеу керектігін айтатын нұсқауларын естуден шаршадық. Олардың өздерінің де бірдеңе жасайтын уақыты келді ғой», – деді Затулин.

Саясаткер армян билігінің Ереванға көмектесу туралы талап қойып жүргендеріне қарамастан, әлі күнге дейін ҰКҚҰ-ға ресми түрде жүгінбегеніне назар аударды. «Арменияның көзқарасы бойынша, оның ұйым мүшесі ретіндегі мүдделері бұзылса, ол ҰҚШҰ-ға жүгінуі керек екен. Ендеше, неліктен ол мұны істемейді?», – деп ол тікелей сұрақ қояды. Олай ете алмайды. Себебі, бұл кезде одан Батыс теріс айналып кетер еді. Екі жақта ойнап жүрген Ереванда Батыстың наразылығын тудырудан қорқады.

Осыған байланысты ол Никол Пашинянды (суретте) Арменияның нақты кіммен одақтас екенін, – Ресеймен бе, әлде Батыспен бе, – алдымен соны анықтап алуға шақырды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button