26 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Минскіге Ресей сыртқы барлау қызметінің басшысы ұшып келді

22 Қазан 2020 12:58
- Әлеумет, Жаңалықтар
Минскіге Ресей сыртқы барлау қызметінің басшысы ұшып келді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 22 қазан. Бүгін Беларусь астанасына Ресей Федерациясы сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин шұғыл ұшып келді. Бұл туралы TUT.BY хабарлады.

«Бүгін Сергей Нарышкин Минскіде. РФ сыртқы барлау қызметінің басшысы. Президентпен бір сағаттан кейін кездеседі», – деп мұны растады «Пул Первого» телеграм-арнасының ақпары.

Бұдан бұрын Нарышкин Беларусьтегі қарсылық қозғалыстарына Пентагон мен ЦРУ инспекторлары қатысып жүргенін мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ Ресей сыртқы барлау қызметінің Беларусьтегі резонансты арандатушылықтарды дайындауға Рим-католик шіркеуінің беделді діни қызметкерлерінің де қатыстары бар екенін айтты.

«Бұл католиктер арасында үкіметке айтарлықтай қарсы көңіл күйдің бар екенін айғақтайды», – деді ол.

Еске сала кетейік, Беларусьтегі қарсылық қозғалысы президент сайлауы өткен 9 тамыз күнгі түннен бері әлі бір күн толастаған жоқ.

Ал дүйсенбі күні Александр Лукашенко күштік құрылымдар басшыларымен жиын өткізіп, «өзі президент болып тұрғанда, халықтың айтқаны болатынын, қандай да бір түйткілді мәселені мұның өзі де, аппарат басшысы да, басқа да шешпейтінін, тек халық шешетінін» өзіне тән демагогтікпен айта келіп, жиналғандарға алдағы жексенбі күні алаңға шығатындардың жолдарын біржола кесіп, қайта көтерілмейтіндей етіп қою туралы тапсырма берді.

Ресей басшылығы Беларусьтегі наразылық қозғалысын басуға көмектесуге шындап кіріскен сияқты. Нарышкиннің келісі соны білдіреді. Ол осы жолы Лукашенкомен нақты тақырыпта келісім жүргізетін сияқты. Кейбір мәнбелерге қарағанда, елді тыныштандыруға арналатын ендігі операция Александр Григорьевичтің міндетті түрде орнын босатуы арқылы ғана жүзеге асуы тиіс. Егер бұл оған келіспесе, Ресей де ештеңеге көмектесе алмайды. Демек, алдағы әңгіме іс басындағы президенттің тағынан өз еркімен кетуіне арналатын шығар. Сол жағдайда ғана Ресей оның кейінгі қауіпсіздігін өз бөдіретіне ала алатын болады.

Таңбалар: ЛукашенкаминскСергей Нарышкин

Ұқсас мақалалар

Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?
Жаңалықтар

Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?

01.07.2026
Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты
Жаңалықтар

Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты

25.06.2026
Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр
Жаңалықтар

Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр

24.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist