23 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада XXXI республикалық театр фестивалі басталды

21 Қазан 2026 19:00
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада XXXI республикалық театр фестивалі басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қазан. Бүгін Қызылордада көрнекті театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына орай Қазақстан драма театрларының XXXI республикалық фестивалінің шымылдығы түрілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Өнер мерекесі дәстүрлі қызыл кілем шеруімен басталды. Салтанатты шараға қазылар алқасының мүшелері, құрметті қонақтар, театр қайраткерлері мен республиканың әр өңірінен келген шығармашылық ұжымдар қатысты.

Фестивальдің ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай құттықтау сөз сөйлеп, қазақ театртану ғылымының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан профессор Бағыбек Құндақбаевтың еңбегіне тоқталды.

Сондай-ақ, Гүлжамила және Күлипа Бағыбекқызына қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетілді.

Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздар мен театр артистерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Қонақтар арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Экспозицияға Бағыбек Құндақбаевтың өмірі мен ғылыми-шығармашылық жолын танытатын фотосуреттері, еңбектері және қазақ театртану ғылымына қосқан үлесін айғақтайтын құнды материалдар қойылды.

Алты күнге созылатын өнер додасына еліміздің әр өңірінен іріктелген 10 театр ұжымы қатысады. Үздік қойылымдарын көрермен назарына ұсынып, шығармашылық ізденістерін танытады.

Сыр өңірінде басталған республикалық театр фестивалі – ұлттық сахна өнерінің дамуына серпін беріп, шығармашылық байланыстарды нығайтатын маңызды мәдени алаң. Қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі Бағыбек Құндақбаевтың рухани мұрасын ұлықтауға арналған бұл өнер мерекесі ұлттық театрдың бай дәстүрі мен бүгінгі жетістіктерін сабақтастырып, көрерменге тағылымды қойылымдар мен жарқын әсер сыйламақ.

 

Таңбалар: Бағыбек ҚұндақбаевҚызылордатеатр фестивалі

Ұқсас мақалалар

Қызылордада заманауи «Terra Green» жылыжайы кешенінің іргесі қаланды
Дәулет

Қызылордада заманауи «Terra Green» жылыжайы кешенінің іргесі қаланды

21.10.2026
Қызылордада күн-электр станциясы құрылысының басталу рәсімі өтті
Дәулет

Қызылордада күн-электр станциясы құрылысының басталу рәсімі өтті

21.10.2026
«Green Aral: Volunteers For Life 2026» форумына қатысушылар Қорқыт ата кесенесіне барды
Аймақ

«Green Aral: Volunteers For Life 2026» форумына қатысушылар Қорқыт ата кесенесіне барды

20.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist