23 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Green Aral: Volunteers For Life 2026» волонтерлер апталығы басталды

19 Қазан 2026 19:55
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада «Green Aral: Volunteers For Life 2026» волонтерлер апталығы басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қазан. Сыр бойындағы бас қалада Арал өңірінің табиғатын сақтауға және экожүйесін қорғауға бағытталған «Green Aral: Volunteers For Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті. Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылды.

Жиынның ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ Өзбекстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның 10 өңірінен келген 100 волонтер және облыстағы 500-ден астам белсенді студенттер мен ерікті жастар қатысты.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қатысушыларды «Green Aral» халықаралық волонтерлер апталығының ашылуымен құттықтап, волонтерліктің ел өміріндегі маңызына тоқталды.

«Бүгінгі басқосудың Сыр өңірінде өтуі және апталықтың «Green Aral» деп аталуы айрықша мәнге ие. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Арал өңірінің тағдырына деген ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейтін маңызды бастама. Арал мәселесі – еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің назарындағы өзекті тақырып. Табиғатқа жанашырлық танытып, экологиялық түйткілдердің шешіміне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет. Сыр еліне келген сапарларыңыз сәтті, жүздесулеріңіз мазмұнды, бастамаларыңыз нәтижелі болсын!», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Аймақтағы волонтерлік қозғалыстың өркендеуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова сөз сөйлеп, волонтерлер бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті.

Ал «Ұлттық волонтерлік желі» төрағасы, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Вера Ким Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Апталық жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Бағдарлама барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, экологиялық бастамаларын таныстырады. Бұдан бөлек, олар қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастырады. Негізгі іс-шаралар Қызылорда облысының Арал ауданында өтеді.

Апталық аясында белсенді жастардың тәжірибе алмасу және бір-бірімен байланысын нығайту мақсатында «Kzo Camp: One Community» республикалық волонтерлер слеті де өтті.

«Green Aral: Volunteers For Life 2026» халықаралық апталығы жастардың, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық серіктестердің басын қосып, экологиялық волонтерлікті дамытуға және Арал өңірінің табиғатын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға жол ашады.

 

Таңбалар: Арал аймағыволонтерлер апталығыэкожүйе

Ұқсас мақалалар

«Green Aral: Volunteers For Life 2026»: волонтерлер жаңа идеяларды талқылады
Әлеумет

«Green Aral: Volunteers For Life 2026»: волонтерлер жаңа идеяларды талқылады

21.10.2026
Халықаралық волонтерлер апталығы Арал ауданының Қамыстыбас ауылында жалғасты
Әлеумет

Халықаралық волонтерлер апталығы Арал ауданының Қамыстыбас ауылында жалғасты

21.10.2026
Арал аймағының дербес облыс дәргейін алатын кезі жеткен жоқ па?
Аймақ

Арал аймағының дербес облыс дәргейін алатын кезі жеткен жоқ па?

05.02.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist