18 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Краснодар мэрі «қызыл жұлдызшалы» молалар саны көбейгеніне қуаныш білдірді

22 Қыркүйек 2026 21:32
- Жаңалықтар, Қайнар
Краснодар мэрі «қызыл жұлдызшалы» молалар саны көбейгеніне қуаныш білдірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КРАСНОДАР. 22 қыркүйек. Ресейдің Краснодар қаласының мэрі Евгений Наумов шаһар маңында «қызыл жұлдызшалы», яғни соғыста қаза тапқандар молалары ұлғайып келе жатқанын мақтаныш ететінін мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.ru ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей мэрі арнайы соғыс операциясы барысында қаза тапқандар қатарының уақыт озған сайын өсе түсуі краснодарлықтар арасында патриоттық сезімнің артып келе жатқанына өлшем бола алатынын айтты. Бірақ мүлт кеткенін тез ұқты. Көп ұзамай әкімдік шенеуніктері дәйектемедегі сөздерді өзгертіп беруге асықты.

«Краснодар мэрі Евгений Наумов жергілікті бейітте қызыл жұлдызша қадалған қорымдар санының көптігіне қуанатынын жеткізді. Қала басшысының сөзін баспасөз қызметі жариялады, алайда дәйектеме жылдам өзгертіле қойды. Бұған әкімдік тарапынан ешқандай түсіндірмен берілген жоқ», – делінген хабарламада.

Әңгіме соғысқа қатысқан, соның ішінде Ұлы Отан соғысында болғандар да жерленген «Всесвятская кладбищаға» реконструкция жасау турасында болып отыр.

«Қызыл жұлдыздары бар қабірлерді көптеп көрген қандай қуанышты. Осылайша сенбілік кезінде қаһармандарды еске алдық. Жұлдыздардың шашыратқыларына қарап тұрып, Краснодардың нағыз патриоттар қаласы екенін бірден түсінесіз!», – деді мэр.

Көп ұзамай мәтіннен бұл жолдар алынып тасталды. Соған қарамастан, әлеуметтік желіде үлкен шу көтеріліп кетті.

Рас, бұл оқиға сәл бұрындау, биылғы 14 мамырда орын алған еді. Бірақ таяуда жұрт тағы осы тақырыпқа қайта оралып, «тілінен апатқа ұшырап жүрген» дуанбасын дуаналар қатарына қосып жіберуді қайта талап ете бастады.

Таңбалар: Евгений Наумовкраснодармола саны

Ұқсас мақалалар

Краснодар өлкесіндегі Туапсе қаласы жермен-жексен етіп жойылды
Жаңалықтар

Краснодар өлкесіндегі Туапсе қаласы жермен-жексен етіп жойылды

22.04.2026
Димаштың еуропалық туры Краснодардан басталды
Жаңалықтар

Димаштың еуропалық туры Краснодардан басталды

17.02.2020

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist