17 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр

11 Қыркүйек 2026 10:17
- Жаңалықтар, Қоғам
Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 қыркүйек. Кеше Премьер-Министр Олжас Бектенов медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру жөнінде жүріп жатқан жұмыстар жайын талқылауға арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жиынға Денсаулық сақтау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің басшылары, сондай-ақ отандық IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Премьер-Министр басқосу барысында Президенттің медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеріп, денсаулық сақтау саласындағы ЖИ шешімдерімен танысты.

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, Премьер-Министр ЖИ технологияларын қолдану арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізудің жаңа жүйесі элементтерімен танысты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 23 бытыраңқы жүйеден e-Densaulyq бірыңғай экожүйесіне көшу жұмыстарының қарқыны туралы баяндады. Бүгінде 21 мыңнан астам медициналық ұйым, 221 мың медициналық техника және 257 мың медицина қызметкерінің деректері цифрландырылды. Деректерді біріктіру және бақылауды күшейту нәтижесінде медициналық жүйеден 1,4 млн рецептіге байланысты пациенттердің ескірген 400 мың картасы алынып тасталды, бұл 31 млрд теңге көлеміндегі шығыстардың алдын алуға мүмкіндік берді. Медициналық қызметтерді негізсіз тұтыну 7,1%-ға немесе шамамен 7 млрд теңгеге төмендеді. Бұл ретте қателерді анықтау тиімділігі 3,5 есеге артты.

Президент тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылуда. Ол барлық шашыраңқы жекеменшік ақпараттық жүйелерді бір жүйеге біріктіріп, дәрігердің бірыңғай жұмыс құралына айналуы тиіс. Қазірдің өзінде Денсаулық сақтау министрлігінің 12 жүйесінің 7-еуі біріктірілген. Енді деректер бір рет енгізіліп, құжаттар автоматты түрде қалыптастырылады. Бұл дәрігердің ақпарат енгізуге жұмсайтын уақытын 40%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Медициналық деректердің бірыңғай қоймасына 12 жеке медициналық ақпараттық жүйеден, сондай-ақ түрлі реестрлер мен анықтамалықтардан ақпарат біріктіріліп, мемлекеттік органдардың 50-ден астам ақпараттық жүйесімен интеграцияланды. Биылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылдан бері жинақталған деректер автоматты форматты-логикалық бақылау негізінде медициналық көмекке ақы төлеу үшін пайдаланылуда.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, цифрлық бақылау нәтижесінде медициналық 38 ұйымда медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның жоқтығы анықталған. Оның ішінде 27 ұйымның қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар сертификаттардың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты 2 188 медицина қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді. Жалпы алғанда, ақпараттық жүйелердің интеграциясы жалған қызметтерді анықтауға және оларға ақы төлеудің алдын алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қайтыс болып кеткен азаматтарға медициналық қызмет көрсету, бір дәрігердің әртүрлі аймақтардағы бірнеше медициналық мекемеде бір мезгілде жұмыс істеуі, қызмет көрсету жазбасын негізсіз тіркеу сынды басқа да заң бұзушылықтардың жолын кесуге септігін тигізеді.

Азаматтың бірыңғай цифрлық профилі қалыптастырылды, онда медициналық деректер тұрғылықты жері мен тіркелген жеріне қарамастан сақталады. Дәрігерге онлайн жазылу қызметін 5,6 млн адам пайдаланды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап скринингтен өту туралы автоматты хабарламаларды іске қосу жоспарлануда. Мысалы, денсаулық сақтау жүйелері мен ішкі істер органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтар анықталуда. Бүгінде шамамен 10 мың жүргізуші куәлігін қолдану тоқтатылды.

Ақмарал Әлназарова бұдан кейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында препараттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуі туралы сөз қозғады. Бүгінде 1 млрд-тан астам қаптамаға таңбалау жүргізілді. Мониторинг 3 мың дәрілік зат атауын қамтиды. 1 595 препараттың (52%) бағасы тұрақты болып қалды. 800 дәрілік зат атауының (26%) бағасы төмендегені тіркелді. 42,5 млрд теңге көлемінде жиынтық экономикалық тиімділік қамтамасыз етілді. Ауқымын кеңейту аясында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалау жүйесі енгізілді.

Жиын барысында ЖИ элементтері бар цифрлық шешімдер мен жобалар ұсынылды.

Жиын қорытындысыда Премьер-Министр денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурын құру стратегиялық маңызға ие екенін және ол медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға тиіс екенін атап өтті.

«Президент бытыраңқы ақпараттық жүйелерден бас тартып, денсаулық сақтау саласының бірыңғай цифрлық негізін құру бойынша нақты мақсат қойды. Бұл міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шешімдер мен технологиялардың бар екенін көріп отырмыз. Басталған жұмысты соңына дейін жеткізу маңызды. Барлық жүйелер біріктіріліп, деректер қолжетімді әрі өзекті болуға тиіс. Сондай-ақ тиімді ЖИ-шешімдерді бүкіл сала мен өңірлерге кеңінен таратқан жөн. Біз нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек, яғни медициналық қызметтердің сапасын арттырып, шығындарды оңтайландыру және әкімшілік кедергілерді жою қажет. Жаппай цифрландыру жүйені жетілдіруге, сол арқылы азаматтарға көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыра түсуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Таңбалар: Ақмарал Әлнаазаровамедициналық ақпараттарОлжас БектеновҮкімет жиыны

Ұқсас мақалалар

Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады
Әлеумет

Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

09.10.2026
Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек
Әлеумет

Қазақстан: Түркі елдерінің медициналық туризмі бірыңғай платформа құруы керек

02.10.2026
Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады
Аймақ

Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады

01.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist