НЬЮ-ЙОРК. 10 қыркүйек. Бүгін таң алдында АҚШ-тың ашық чемпионаты – US Open турнирінің ширек финалында жеңіске жеткен Елена Рыбакина әлем WTA рейтингісінде бірінші орынға шықты. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Бұрынғы ресейлік спортшы Нью-Йорктегі турнирдің соңғы нәтижесі қалай болып аяқталатынына қарамастан, өзінің мансабында бірінші рет WTA рейтингісінде көш бастады», – деп жазды басылым.
Мұндай жетістікке жету үшін Еленаға ширек финалда камбэк жасауға тура келді. Ол Қытай атлеті Чжэн Циньвэньмен жекпе-жекте 3:6, 6:1, 6:4 есебімен ұтып шықты. Кездесу барысында 27 жастағы қазақстандық теннисші бірінші партияда жеңіліп тұрып, қалған екеуінде ұтысты өзіне тартып алды.
Осылайша Рыбакина алғаш рет америкалық «мейджордың» жартылай финалында күш сынасқалы тұр.
Әлем рейтингімінде 121-орында тұрған қытай қызымен кездесуге дейін Елена өте қарқынды ойнап, бірде-бір сетте жеңіліп көрмеп еді. Ол 1/8 финалда жапон Наоми Осаканы 6:1, 6:4 етіп тізе бүктірді.
Алайда ширек финалда оны қайсар қытайлық күтіп тұрды. Бұған дейін Циньвэнь АҚШ турнирінде айқын күштілердің нағыз жолын кесуші болып көрінді. Ол соның алында Мэдисон Киз (1:6, 7:6, 7:5) мен Игу Свентекті (7:5, 6:3) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын. Ленамен ұшырасуда да қытайлық спортгы жекпе-жекті өте күшті бастап, бірінші сетте 6:3 есебімен алға шықты. Дегенмен екінші сеттен бастап жағдай күрт өзгерді, тізгінді өз қолына ұстаған біздің қыз дес бермей қойды.
Рыбакина үшін бұл жеңістің екі түрлі кереметі тұсы болды. Біріншіден, Елена осы жеңіс арқылы бірінші сапар US Open турнирінің финалына шықты. Екіншіден, Рыбакина әлемнің әйелдер арасындағы WTA рейтингісінде Арина Соболенконы ығыстырып шығарып, тұңғыш мәрте бірінші орынға орналасып отыр.
Енді турнирдегі жартылай финалдық кездесулер 11 қыркүйек күні таңертең ойналады. Мұнда Елена Рыбакинаны (8681 ұпай) ресейлік Мирра Андрееваны сүріндірген, рейтингіде төртінші орында тұрған АҚШ өкілі Коко Гауфф (7244 ұпай) күтіп тұр. Олар бүгін таң алдында Астана уақытымен сағат 05:30-де ұшырасады. Ал сағат 04:00-де басталатын бірінші жартылай финалдық жұпта белорус Арина Соболенко (7355 ұпай) мен үшінші орындағы америкалық Джессика Пегула (7265 ұпай) шайқасады.
USD




