АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Мұрат Мұхановты Төтенше жағдайлар министрі етіп тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта..
Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов 1985 жылы 1 шілдеде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында туған. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген. Полковник.
Қызмет жолдары:
– Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.
– 2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
– 2014–2017 жылдары Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы,
– 2017–2020 жылдары Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары,
– 2020–2023 жылдары Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,
– 2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағлайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы,
– 2024 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.
Мұрат Мұханов 2026 жылғы 9 маусымда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалған еді.
Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
USD




