КИЕВ. 17 тамыз. Қазақстандық белгілі боксшы Геннадий Головкин Украина қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдар тізімінен орын алды. Бұл туралы Pravo.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украинның «Мiротворец» («Бітімгер») сайты дерекқорына кіргізілді.
«Мiротворец» – украиналықтардың Украинаға қарсы іс-қимыл әрекеттеріне қатысқан адамдар мәліметтерін жариялайтын интернет-ресурсы. Оның мұндай шешімтал қадамға баруына World Boxing Халықаралық әуесқой бокс федерациясының Ресей боксшыларынан шектеуді алып тастауға, оларға өз елдерінің ұлттық туы және гимні аясында халықаралық турнирлерде қайтадан қатысуға рұқсат беру туралы шешімі себепші болды.
Ресейлік спорт функционерлері, көріп отырғандарыңыздай, Головкинмен белгілі бір түйінді келісімге келе алатындай табанды жұмыстар жасаған.
Бізге қазір олардың Геннадийді өз жақтарына тарту үшін қандай сендіру әдістерін қолданғаны белгісіз, бірақ ол ақыры осындай мәмілеге ұйып, фашистік агрессор мемлекет спортшыларына әлемдік жарыстарда өзінің символизмімен өнер көрсетуге мүмкіндік беріп қойды.
Осы себеппен Головкинге «Ресейдің агрессиясына және Украина азаматтарын жаппай өлтіруге көп алдында қолдау көрсетті» деген айып тағылды.
«Бір кездері көптеген қазақстандықтардың өте танымал әрі сүйікті боксшысы атанған спорт саңлағы осылайша аяқ астынан Кремль жіберген елшілер қолындағы қуыршаққа айналып шыға келді», – делінген Pravo.kz хабарламасында.
USD




