КИЕВ. 27 шілде. Украина президенті Володимир Зеленський армияда проблема орын алғанын айта отырып, Федоровты неге қызметінен алғанын баяндады. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Президент бұрынғы Қорғаныс министрі Михаил Федоровпен өзінің жеке жанжалы болғанын жоққа шығарды. Алайда министрлікте бірқатар проблемалар болғанын атап көрсетті.
Украина президенті Володимир Зеленський Қорғаныс министрлігінің басшысын әлдеқандай бір жеке шиеленіске байланысты емес, соғыс контексінде мемлекетке тиімді жұмысты қамтамасыз ету қажеттілігінен қызметінен алғанын жеткізді.
Украина лидері Sky News агенттігіне берген жауабында Федоровты да, бұрынғы бас қолбасшы Александр Сырскийді де құрметттейтінін айтты. Ол сонымен бірге ішкі келіспеушіліктердің маңызды шешімдерге әсері болғанын қаламайтынын жеткізді. Сондықтан оның бұл жерде екеуінің қайсысынікі дұрыс, қайсысынікі бұрыс екенін ұдайы анықтап отыратын уақыты жоқ екенін де білдірді.
Президент қазір Украинаға әскерге жұмылдыру ісіне жаңа шешім керек екенін, Бас штаб пен Қорғаныс министрлігінің өзара тығыз іс-әрекеттері керек екенін, сондай-ақ зымырандарға қарсы қорғаныс жүйесін дамыту керек екенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Зеленський бұрынғы министр Федоровтың ұшқышсыз ұшақтар технологиясын дамытуда еңбегі көп екенін растады, бірақ дрондар майданның алдыңғы шебіндегі жауынгерлерді толық алмастырып, олардың орындарын баса алмайтынын атап өтті.
USD




