25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21 Маусым 2026 21:27
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ГУЙЯН. 21 маусым. Қытайдың Гуйян қаласында мәреге жеткен бокстан Әлем кубогы екінші кезеңінің қорытындысында Қазақстан құрамасы ресми емес командалық есепте екінші орын алды. Бұл туралы Olimpik.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бір қуаныштысы, бүгін турнирде финалға шыққан 5 қазақ боксшысы түгелдей жеңіске жетті.

Бізден ең соңынан команда капитаны Айбек Оралбай (суретте) 90 келіден ауыр салмақта германиялық Никита Путиловты 5:0 етіп ұтып, ұжымға бесінші алтын медальды алып берді. Бұған дейін өзбек Асилбек Жалиловты 3:2 етіп ұтқан Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), италиялық Сирине Чарообиді 5:0 етіп тізе бүктірген Назым Қызайбай (54 келіге дейін), тайпейлік Ли Ю Тингтен 3:2 есебімен басым түскен Виктория Графеева (60 келіге дейін) және үндістандық Дипак Дипакты 5:0 етіп сүріндірген Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын. Мұнда, әсіресе Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы деген атақтары бар қарсыласынан алғашқы екі раундта жеңіліп тұрған Графееваның түбінде жеңіп шығуы үлкен жігермен келген зор жетістік болды.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2 алтын және 3 қола медальмен командалық есепте екінші орынға табан тіреді. Бірінші орынға 5 алтын, 2 қола медаль алған Қытай жамағаты орналасты. Ерлер құрамалары арасынан да қазақстандықтар 3 алтын медальмен мәреге екінші болып жетті. Бірінші белесті 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жинаған өзбектер алып кетті. Көрші ел терма жамоаты сапында сынға түскен 90 келіден ауыр салмақтағы ұлты қазақ Арман Маханов қола жүлдегер атанды.

Жалпы есепте 5 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жиған Қытай боксшылары бірінші тұғырға шықса, 5 алтын және 3 қола  медальмен Қазақстан екінші орынға тұрақтады. Үштікті Өзбекстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен тиянақтады. Бұдан ары мына командалар үздіктер тобын құрды: 4.Франция (2-2-4), 5.Үндістан (1-3-1), 6. Бразилия (1-2-1), 7. Әзербайжан (1-1-1), 8. АҚШ (1-1-0), 9. Англия (0-2-2), 10. Италия (0-2-1).

Әлем кубогының шешуші үшінші кезеңі биылғы қараша айында Твшкентте өтеді.

 

Таңбалар: Әлем кубогыбоксқазақстан құрамасы

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

22.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist