27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгін Мексикада футболдан әлемнің 2026 жылғы чемпионаты сөреден шығады

11 Маусым 2026 10:25
- Жаңалықтар, Сайыс
Бүгін Мексикада футболдан әлемнің 2026 жылғы чемпионаты сөреден шығады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МЕХИКО. 11 маусым. Бүгін тура түн жарымында Мексика байтағындағы атақты «Ацтека» стадионында футболдан әлемнің 2026 жылғы чемпионаты ресми түрде ашылады. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Чемпионаттың ашылу матчында алаң иелері – Мексика құрамасы мен Оңтүстік Африка Республикасы терме жамағаты өзара ұшырасады.

Матч Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Бұл осы күні тіркелетін жалғыз кездесу болмақ Бұдан әрі мундиаль қызып ала жөнеледі. Ол тарихта тұңғыш рет қатарынан үш елде – Мексикада, АҚШ-та және Канадада жалау желбіреткелі тұр.

Иә, матч Мехикодағы (негізі, дұрысы – Мексика, мемлекеттің аты да, астанасының аты да бірдей, кезінде кеңес идеологтары бізде ғана осылай бөліп атаған) атышулы «Ацтека» стадионында (сыйымдылығы – 87 мыңнан астам адам) ойналады. Матч алдында мундиальдің ресми ашылу салтанаты өтеді. Айта кетуіміз керек, бұдан тура 16 жыл бұрын, 2010 жылғы 11 маусымда ОАР-да әлем чемпионаты ашылған кезде де оның алғашқы маусымашар кездесуі осы екі құрама арасында өтіп еді. Йоханнесбургтегі «Соккер Сити» стадионында көген керген сол матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Бұл Африка құрлығында ту көтерген тұңғыш мундиаль болды. Ал 1970 жылы Мексикада бірінші рет әлем чемпионаты өткенде, оның 31 мамыр күнгі ашылуында алаңға Мексика және КСРО командалары шықты. Тартысты өткен ойын 0:0 деген есеппен тарих статистикасында қалды.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым – 19 шілде аралығында өтеді. Турнирге бұған дейінгідей 32 емес, 48 елдің командалары қатысады. Сөйтіп, онда рекордтық мөлшерде – 104 матч ойналады.

Чемпионаттағы 12 топ былайша бөлініске түсті:

  1. A. Мексика, ОАР, Корея, Чехия;
  2. B. Канада, Босния және Герцеговина, Қатар, Швейцария;
  3. C. Бразилия, Мағриб (Марокко), Гаити, Шотландия;
  4. D. АҚШ, Парагвай, Австралия, Түркия;
  5. E. Германия, Кюрасао, Кот-д’Ивуар, Эквадор;
  6. F. Нидерланд, Жапония, Швеция, Тунис;
  7. G. Бельгия, Мысыр, Иран, Жаңа Зеландия;
  8. H. Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай;
  9. I. Франция, Сенегал, Ирақ, Норвегия;
  10. J. Аргентина, Жозаир (Алжир), Австрия, Иордания;
  11. K. Португалия, Конго ДР, Өзбекстан, Колумбия;
  12. L.  Англия, Хорватия, Гана, Панама

Әр топтың екі үздік құрамасы 1/16 финалға шығады. Квартетте үшінші орын алған командалардың рейтинг бойынша көрсеткіштері тәуір 8-і сол 24-тің қатарына қосылып, 32-лік жұпты құрайды. Ал бұдан кейінгі плей-оффта ұтқандары ілгері жылжып (16, 8, 4, 2), ұтылғандары жарыс жолынан шығып қала береді.

Еске сала кетейік, 12 маусым күні Корея – Чехия (07:00) кездеседі, 13 маусымда Канада – Босния және Герцеговина (00:00) және АҚШ – Парагвай (06:00) матчтарына кезек келеді.

 

Таңбалар: әлем чемпионатымексикафутбол

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist