МӘСКЕУ. 21 мамыр. Кремль Молдова мен Венгриядағы сәтсіздіктерден кейін алдағы 7 маусымда Арменияда өтетін парламенттік сайлауға қатты күш салып жатыр. Бұл туралы The Insider ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәскеудің міндеті Еуроодақ пен АҚШ-қа жақын бағыт ұстаған премьер-министр Никол Пашинянның «Азаматтық шарт» партиясының жеңісіне жол бермеу болып отыр.
Мәтбұғат ақпараты бойынша, Пашинянға қарсы ақпараттық науқанды президенттің стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі жаңа басқармасы (СӘЫБ) өз бақылауына алады. Ол бұрын Молдоваға қатысты сәтсіздіктері үшін орнынан алынған Дмитрий Козак басқарған мәдени байланыстар басқармасының орнында қайта құрылған. Қазір СӘЫБ-ны Сергей Кириенконың адамы – Орбанның күйрей жеңілуі алдында Венгрияға барып қайтқан сәтсіз сапарына орай көзге түскен бұрынғы атомшы Вадим Титов қолға алды. Енді оған жаңа мүмкіндік беріліп отыр.
Президент әкімшілігіндегі Армения бағытының тікелей кураторы ретінде СӘЫБ департаментінің бастығы Валерий Чернышев пен оның орынбасары Дмитрий Аванесов әрекет етеді. Бұлардың екеуінің де арнайы қызметтен хабарлары бар. Ресей үкіметінде армян бағытына вице-премьер Алексей Оверчук бақылайды. Ал сыртқы істер министрлігінде сайлауға ТМД еелдерінің төртінші департаменті бастығы Михаил Калугин жауап береді.
Науқанға Кремль төңірегіндегі құрылымдар да қатысады. Олардың арасында Горчаков қоры, коммуникацияларды дамытудың Ұлттық зерттеу институты (СВР офицері Владислав Гасумянов басқарады), Ресей стратегиялық зерттеулер институты (РИСИ – сыртқы барлаудың «ми орталығы») бар. Үгіт-насихат науқанының алдыңғы қатарында сенаторлар Константин Косачев пен Константин Затулин (соңғысын Ресей азаматтығы бар миллиардер Самвел Карапетян кіретін «Лазарев клубын» басқарады) жүреді. «Жұмсақ күш» Игорь Чайка (бұрынғы бас прокурордың ұлы, сыбайлас жемқорлық жанжалдарымен және Молдовадағы ресейшіл оппозицияны қаржыландырумен танымал) бастаған «Россотрудничествоға» ықпал етеді. НТВ-ның бұрынғы әскери қызметкері Вадим Фефилов басқаратын Еревандағы ведомстволық бағынысты «Орыс үйі» жастарға басты назар аударып, оған Арменияның болашағы тек Ресеймен ғана байланысты екеніне сендіреді.
Кремль сонымен қатар екі оппозициялық блокқа қолдау көрсетеді. Олардың бірі – Самвел Карапетянның «Күшті Армения» (Карапетян билікті басып алуға шақырғаны үшін қамауға алынды, бірақ оның блогы сайлауға қатысуды жалғастыруда). Екіншісі – Гагик Царукянның «Гүлденген Армения» партиясы (Царукян бұрын тонау және зорлау баптары бойынша сотталған, Пашинянға қастандық жасауға бұйрық шығарды деп күдіктелген), «Единая Россиямен» ынтымақтастықта. Бұл жобаларды қаржыландыруды, The Insider мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясының Президенті Әкімшілігінің арнайы қорлары қолға алады.
USD




