ЛОНДОН. 20 мамыр. Лондонның «Арсенал» футбол клубы араға 22 жыл салып, тағы да ағылшын премьер-лигасының бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бұған түнде өткен турдың ойындарында «Манчестер Сити» клубының қонақта «Борнмутпен» 1:1 есебімен тең түсіп қалғаны себеп болды. Онда да меймандар қарымта допты соңғы минуттарда ғана салып үлгеріп, таразы басын теңестіре алған еді.
Ал «Арсенал» соңғы рет 2003/2004 жылғы маусымда чемпион атанған болатын. Биыло команда тағы 2006 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шығып отыр.
Осылайша «Арсенал» футбол клубы мерзімінен бұрын ағылшын премьер-лигасының 2025/2026 жылғы маусымдағы чемпионы атанды, оның ең басты қарсыласы «Манчестер Сити» чемпионаттың соңғы турында «Борнмутпен» 1:1 есебімен тең түсіп, турнирде жеңіске жету мүмкіндігінен айырылып қалды.
Соңғы 38-турдың алдында «Арсенал» 82 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында, «Манчестер Сити» 78 ұпаймен екінші орында тұр. Сол сияқты 56 ұпай жинаған «Борнмут» алтыншы сатыға орналасқан.
«Арсенал» клубы осымен 14-ші мәрте Англия чемпионатын жеңіп алды. Қазір оны испаниялық жаттықтырушы Микель Артета басқарады.
Биыл «Арсенал» 2006 жылдан бері алғаш рет ең беделді Еурокубок турнирі – Чемпиондар лигасының финалына шықты. 30 мамырда Будапештте өтетін шешуші матчта Лондон клубы француздың «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) командасымен күш сынасады.
USD




