25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада 240 пәтерлік 6 көп қабатты үй өз тұрғындарын тапты

6 Мамыр 2026 19:10
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада 240 пәтерлік 6 көп қабатты үй өз тұрғындарын тапты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. Қызылордада 240 пәтерлік 6 көп қабатты үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен сол жағалаудағы 240 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй кешенін иелеріне тапсыру рәсімі өтті», – делінген хабарламада.

Осыған арналған жиында мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары бас қосты.

Президент өз Жолдауында: «Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру» деген еді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауының арқасында, облыс әкімінің үйлестіруімен аймақта бұл бағыттағы жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде шаһарда жыл басынан бері 655 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы 1 581 пәтер пайдалануға беріледі. Биылдың өзінде бюджеттен тұрғын үй құрылысына 58 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 31 көп қабатты үй салынады. Оның 945 пәтері ипотекалық, 1336 пәтері әлеуметтік осал топтарға арналған. Ерекше атап өтуіміз қажет, кейінгі жылдары қаламызда заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

«Бүгін, міне, өздеріңізбен бірге айтулы мерекелер қарсаңында 6 көп қабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға беру үшін жиналдық. 4 млрд 500 млн теңгеге салынған бұл кешеннің аумағы 15 600 шаршы метрді алады, құрылысты Сыр өңірінде талай жылдан бері қолтаңбасы қалған мердігер мекемелер салды, – деді Нұржан Ахатов. – Қоныстарыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз жылулық пен мейірімге, балалардың шат күлкісіне толсын. Сіздерге жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тілейміз. Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!».

Жиында тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Таңбалар: көп қабатты үйлерҚызылордапәтер

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Аймақ

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist