МӘСКЕУ. 26 сәуір. Ресей армиясында азық-түлік тапшылығы жағдайында каннибализм жағдайлары тіркелді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ұлыбританияның The Sunday Times газетінің жазуынша, Украина жеріне басып кіруге қатысқан бірнеше ресейлік әскери қызметшілер азық-түлік тапшылығына байланысты каннибализмге жүгіне бастаған. Мәтбұғат мұны айғақтау үшін Украина әскери барлауы мәліметтеріне, соның ішінде ресейлік офицерлер арасында жүргізілген оншақты аудио хабарлама мен фотосуреттерді «жолдан тосып алу» арқылы қолған түсірген материалдарға сілтеме жасап баяндаған.
Басылымның хабарлауынша, әңгіме «арнайы соғыс операциясына» қатысушы «батырлар» арасында өз қаруластарының етін жеуге алып барған кемінде бес оқиға турасында болып отыр.
Сондай эпизодтың бірі 2025 жылғы қараша айында Донецк облысының Миргород ауданында орын алған. Әзірленген құжаттарға сәйкес, 51-ші гвардиялық мотоатқыштар жалпы армиясы 5-ші жеке гвардиялық бригадасы 95-ші полкында қызмет етуші «Ақсақ» деген шақыру аты бар жаяу әскер екі қаруласын өлтіріп, олардың бірінің аяғын кесіп алып жеуге әрекет жасаған. Өзінің атын атамаған офицер мұның жай-жапсарын бригада барлау батальоны командирінің орынбасары Владислав Разиковке Telegram арқылы жазысқан хатында айтып берген. Ол сондай-ақ кесілген аяқтың рәсімін де салып жіберген.
The Sunday Times газетінің жазуынша, суреттер арнайы қамтамасыз ету бағдарламасының көмегімен болған жай талданып шыққан. Онда фотоны өзгерту мен түзету секілді әрекеттердің орын алмағаны анықталғаны да атап өтілген. Суреттерді мұқият қарап шығып, зерттеу жүргізген тәуелсіз хирург аяқтың соғыс жағдайында жарақат алмағанын, оған өткір заттың тигенін дәлелдеп берген.
Аудиожазбада офицер бұл оқиғаның өжіреде орын алғанын, онда әскери қызметкердің адам етін сойып алғалы жатқанда қолға түскенін айтқан. Оның айтуынша, әскери қызметкер ұсталу кезінде қарсылық білдіріп, оқ атқан, нәтижесінде сол жерде атып өлтірілген. Бұған қоса, офицер өз солдаттарының әбден жүдеп кеткендерін, олардың ұдайы «аш құрсақ» болып жүретіндерін баяндаған.
Ресей армиясындағы каннибализм деректері басқа дауыс жазбаларынан да естілген. Осылайша, өткен жылғы сәуірде «Көпір» атты шақыру аты бар әскери қызметкер өз командиріне бір қаруласының кісі етін жегенін айтып шағымданған. 2025 жылғы қазанда 1437-ші мотоатқыштар полкының командирі өз қарауындағылардан «кісі етін жеуді» тоқтатуды талап еткен. Ал 55-ші мотоатқыштар бригадасы штаб бастығының алкогольмен және есірткімен бірге каннибализмге тікелей тыйым салатын бұйрық бергені айтылады.
USD




