25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түркия президенті Израильге қарсы соғыс ашпақ болып қыр көрсетті

14 Сәуір 2026 19:36
- Жаңалықтар, Таным
Түркия президенті Израильге қарсы соғыс ашпақ болып қыр көрсетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АНКАРА. 14 сәуір. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қажет болған жағдайда Анкараның Израильге қарсы күштік қадамдар жасай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ыстанбұлда Азия саяси партияларының халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде түрік лидері: «Біз Израильдің Палестинаға білгенін істеуіне жол бермеу үшін мықты болуымыз керек… Біз Қарабаққа қалай кірдік, Ливияға қалай кірдік, оларға да соны істейміз… Бізге ештеңе кедергі келтіре алмайды», – деді.

Ердоған Израильдің 1,2 миллион ливандықты үйлерінен кетуге мәжбүр еткенін «жабайылық» деп атап, Тель-Авивтің Газа секторындағы әрекеттеріне: «Геноцидтің қанға боялған желісі барлық адамзатқа тән құндылықтардың бәрін жиып қойып, кінәсіз балаларды, әйелдерді және бейбіт тұрғындарды өлтіруді жалғастырып жатыр» деген баға берді.

Түрік прокурорлары 11 сәуірде бұған дейінгі геноциді үшін сырттай қамауға алынған Израиль премьері Биньямин Нетаньяхуды өмір бойы құлып астында ұстауды сұраған еді.

Ердоған бұдан әрі Иранның айналасындағы жағдайға түсіндірме бере келіп, «күштілердің құқығы» іс-әрекетке кірісетін кезеңнің келгенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол өзін қақтығысқа тарту талпыныстары байқалғанына қарамастан, Анкараның Иран, АҚШ және Израиль арасына түсуге ниеті жоқ екенін баса айтты.

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да Израильді сынға алды. Ол Израиль «жау іздемей өмір сүре алмайды» және «бұл рөлді енді Түркияға жүктеуге тырысып жүр» деп айыптады. Оның айтуынша, бұл Израильдің мемлекеттік стратегиясына айналған.

Бұған жауап ретінде Израильдің мұра министрі Амихай Элияху «екіжүзді Ердоған бұл циркімен ешкімді таң қалдыра алмайды» деп мәлімдеді және оны «империалистік амбициясы бар мегаломаньяк диктатор»деп атады. Сарапшы Йони Бен-Менахемнің бағалауынша, Ердоғанның мәлімдемесінің артында «Түркия – бұл жаңа Иран» деген кеңірек стратегия тұр, ол өзінің аймақтағы ықпалын күшейтуді, жаңа сунниттік блокты құруды көксейді.

Анкара мен Иерусалим арасындағы қарым-қатынас Газа соғысы басталғаннан бері нашарлап келеді. Түркия мен Израиль бұған дейін Газа операциялары мен Сириядағы соғыс кезінде бірнеше рет қақтығыстарға қатысқан. 2010 жылы Израиль армиясы Газа секторына бет алған «Бостандық флотилиясын» қиратты. Сонда 9 түрік және 1 америкалық белсенді қаза тапты.

Таңбалар: геноцидЕрдоғанИзраиль

Ұқсас мақалалар

Картвель профессоры Ходжалы және черкес геноцидін Мәскеудің ісі деді
Жаңалықтар

Картвель профессоры Ходжалы және черкес геноцидін Мәскеудің ісі деді

17.07.2026
Түрік лидері Ердоған «Qoja Ahmet Yasaui» орденінің иегері болды (видео)
Жаңалықтар

Түрік лидері Ердоған «Qoja Ahmet Yasaui» орденінің иегері болды (видео)

14.05.2026
Ердоған: Трамп Путинмен Ыстанбұлда кездесуге ынталы болып отыр
Жаңалықтар

Ердоған: Трамп Путинмен Ыстанбұлда кездесуге ынталы болып отыр

27.06.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist