АСТАНА. 14 мамыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Жақында пайда болған марапат өзінің ең алғашқы иегерін осылай тауып отыр.
Тәуелсіздік сарайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Режеп Тайип Ердоған жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сонымен қатар Түркия Президенті түркі және ислам өркениетінің ынтымақтастығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарады.
«Мен Ұлыстың ұлы күнінде киелі Түркістанға арнайы барып, Әзірет сұлтан рухына құран бағыштадым. Сол сапарымда мемлекеттік наградаларға «Qoja Ahmet Yasaui» орденін енгізу туралы маңызды бастама көтердім. Бұл марапатты Қазақстанның дамуына айрықша еңбек сіңірген еліміздің және шетелдің белгілі ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне табыстау қажеттігі жөнінде айттым. Соған сәйкес тиісті заң қабылданды. Арнайы жарлыққа қол қойдым. Бұл – шын мәнінде беделі билік, бағасы жоғары марапат. Біз бұл орденді әзірлегенде жасыл түске басымдық бердік. Асыл дінімізді осы түстің орны ерекше. Ал оның құрамындағы күміс – тазалықтың нышаны. Біз сөзбен бұл – Әзірет сұлтанның ұлағаты мен тағылымын дәріптейтін марапат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл орденмен Түркия Президентін марапаттау туралы шешім қабылдағанын баса айтты.
«Сіз бұл орденнің тұңғыш иегері боласыз. Мұның символдық мәні өте зор. Бұл марапат – ұлы бабамыз салған рухани бауырластық пен тарихи әділдік жолының жарқын көрінісі», – деді Президент.
Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ел басшылары Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге Астана әуежайында зор салтанат жағдайында қарсы алды. Оның бейне көріністері сол бойы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті.
Бүгін екі ел Президенті Түркістан қаласында болды.
Ертең мұнда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёв келеді деп күтіліп отыр.
USD




