25 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аймақ басшысы перинаталдық орталықта аналармен кездесті

7 Наурыз 2026 15:25
- Әлеумет, Жаңалықтар
Аймақ басшысы перинаталдық орталықта аналармен кездесті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 наурыз. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ана мен бала» облыстық перинаталдық орталығындағы жас аналар мен медицина қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кездесу кезінде аймақ басшысы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.

«Халқымызда «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» деген даналық сөз бар. Ананың ақ сүтімен дарыған мейірім мен мейман көңіл – ұлт рухының өзегі, елдіктің тірегі. Аяулы жанның жүрегінен бастау алған ізгілік қоғамды ізгілендіріп, адамзатты биік мұраттарға жетелейді. Ана – тіршіліктің шуағы, өмірдің тұтқасы. Оның бір ауыз жылы сөзі – жанға дауа, жанары – балаға бағдар, алақаны тиген жерге береке қонады, батасы дарыған ұрпақтың бағы жанады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Иә, адамзат баласы үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы жан жоқ. Сондықтан да ананы ардақтау– адамдықтың асыл өлшемі, ананы құрметтеу – перзенттік парыз. Әлемдегі ең жоғары мадақ та, құрмет те ару-аналарға арналады. Еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқы болған аналарымызға құрметіміз қашанда шексіз!

«Сіздер – мейірім мен махаббаттың, сабыр мен төзімнің символысыздар. Дүниеге сәби әкелу – үлкен ерлік, ұлы жауапкершілік. Сәбидің шат күлкісі мен алаңсыз балалығы – ең алдымен ананың ақ жүрегі мен адал еңбегінің жемісі. Сіздердің әрқайсыларыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сәбилеріңізге жарқын болашақ тілеймін»,– деді Нұрлыбек Нәлібаев сөзінің соңында.

Басқосуда мереке қарсаңында сәбилі болған аналар мен медицина қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бүгінде облыс орталығында 36 млрд 400 млн теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар 45 млрд 800 млн теңгеге 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталықтың, 14 млрд 700 млн теңгеге 500 келушіге арналған емхананың және 9 млрд 800 млн теңгеге Титов кентінде ауысымына 400 келушіге арналған №5 қалалық емхананың құрылыстары басталды.

Таңбалар: әйелдерҚызылордамерекеперинаталдық орталық

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist