25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өз ісінің ерен тұлғасы

26 Қаңтар 2026 11:03
- Аймақ, Жаңалықтар
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Кейде бір адамның болмысы бүкіл мамандықтың қадірін арттырып жатады. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, А. Тоқмағамбетов атындағы ауылдағы №135 мектептің математика пәні мұғалімі Шолпан Райымбекованы көргенде, «нағыз ұстаз қандай болу керек?» деген сұраққа жауап тапқандай боласың. Ол үшін математика тек есептер жиынтығы емес, ол – баланың қисынын түзеп, өмірге көзқарасын қалыптастыратын үлкен мектеп.

Шолпан Абдухалыққызының мұғалімдік жолына қарасаңыз, мұнда ешқандай кездейсоқтық жоқ. Өзі білім алған мектебіне қайта оралып, отыз жылдан астам уақыт бір ұжымда табан аудармай еңбек етуі – оның тұрақтылығы мен мамандығына деген шексіз адалдығының белгісі. Ол сабаққа тек журнал мен бор алып кірмейді, ол сыныпқа өзінің бүкіл ықыласы мен мейірімін алып кіреді. Оның ұстаздық қағидасы қарапайым: «Баланың жүрегіне жол таппай тұрып, миына білім құю мүмкін емес». Сондықтан да Шолпан апайдың сабағында балалар формуладан қорықпайды, керісінше, сол формуланы өмірмен байланыстыруды үйренеді. Ол – «педагог-зерттеуші» деген атақты құрғақ қағаз үшін емес, күнделікті ізденісі мен шәкірттерінің жетістігімен дәлелдеп келе жатқан жан.

Шәкірт демекші, Шолпан мұғалімнің еңбегі ауыл балаларының арманын республикалық биіктерге жеткізді. «Алтын түлек», «Айқанат», «Әл-Фараби» олимпиадаларында топ жарған балалардың жеңісі – бұл ұстаздың ұйқысыз түндері мен әр оқушының талантын тани білген қырағылығының нәтижесі. Ол білімге құштар бала көрсе, оның болашағы үшін жанын аямайды, қосымша дайындайды, бағыт береді, жігерлендіреді.  Ұлағатты жанның ғұмыр дариясы тек мектеп қабырғасымен шектелмейді. Ол – бес перзентін ұядан ұшырып, бүгінде немере сүйіп отырған аяулы ана, әулеттің ұйытқысы. Бойындағы осы бір аналық мейірім мен отбасылық жылулық кәсіби ісімен де ажырамас бірлікте өрілген. Шолпан апай үшін әр оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат, біреудің үміт күткен үкілі баласы. Сондықтан оның шәкірттерімен қарым-қатынасынан «қатып қалған» қаталдық пен құрғақ ресмилікті емес, аналық жанашырлық пен кәсіби талап қойғыштықтың тамаша үйлесімін көресіз. Ұстаздың қатаңдығы – пәнге деген жауапкершілігінде болса, жұмсақтығы – баланың жанын түсіне білетін кеңдігінде. Мектептің ертеңі үшін аянбай, әр жетістікке аналық жүрекпен тебірене қуануы – оның адамдық бейнесінің ең асыл қыры. Ол мектепке тек білім беру үшін емес, әр баланың бойына адамгершілік нәрін сеуіп, үлкен өмірге дайындау үшін келеді. 2019 жылғы министрліктің «Құрмет грамотасы», 2023 жылғы «Үздік математика мұғалімі» байқауының жүлделері – мұның бәрі өткінші марапаттар емес, бұл – бір ғұмырдың жемісі. Шолпан апай бүгінде мектептің ғана емес, ауылдың абыройына айналған жан. Оның шынайы болмысы, еңбекқорлығы мен балаға деген таза махаббаты бүгінгі жас мамандар үшін үлкен мектеп, нағыз өмірлік сабақ.

Жансая НҰРҚОЖА,

Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы

 

Таңбалар: мұғалімСырдария ауданыШолпан Райымбекова

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді
Дәулет

Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді

23.07.2026
Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті
Аймақ

Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті

28.05.2026
Сырдария ауданында заманауи әлеуметтік нысандар саны артып келеді
Аймақ

Сырдария ауданында заманауи әлеуметтік нысандар саны артып келеді

07.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist