ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қыркүйек. Қызылорда қаласындағы №295 мектепте «Таза Қазақстан» өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ашық сабақтар мен тәрбие сағаты орын алды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сабақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіруге, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Мектептің 9-сынып оқушыларын қамтыған «Таза Қазақстан: Экологиялық жауапкершілік және болашақ» атты ашық сабақ қызықты өтті. Оның барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жауапкершіліктің қоғам мен болашақ үшін маңызы мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, 3-сынып оқушылары арасында «Таза Қазақстан – Заманауи технологиялар табиғатты қорғауда» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар табиғатты қорғауда заманауи технологиялардың рөлімен танысып, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған қарапайым әрі тиімді әрекеттер туралы ой бөлісті.
Танымдық шарада оқушылар гүл көшеттерін отырғызып, алған білімдерін іс жүзінде бекітті.
Мұндай жұмыстар жас ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, экологиялық мәдениетті күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған.

USD




