ЕРЕВАН. 12 қараша. Армения тергеу комитеті Шешенстаннан отбасылық зорлық-зомбылық байланыс қашып келген келіншектің өліміне қатысты іс қозғады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Арменияның тергеу комитеті қазан айында Ереванда денесі табылған 23 жастағы шешен келіншек Айшат Баймурадованың өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адамға қарсы қылмыстық іс қозғады. Мұны «SK SOS» адам құқықтары жобасы 11 қараша, сейсенбі күні Армения тергеу комитетінен алынған жауапқа сілтеме жасай отырып баяндады.
Қылмыстық істің ауырлатуға алып баратын мән-жайлармен қасақана кісі өлтіру бабы бойынша қозғалғаны белгілі болды. Тергеушілер куәгерлерден жауап алып, пәтерді тінткенін жеткізді. Сонымен қатар, өлтірілген әйелдің денесіне сот-медициналық, оқиға орнында табылған саусақ іздеріне сот-генетикалық сараптамалар тағайындалды. Осы қылмыстық іс бойынша аты-жөні жарияланбаған екі айыпталушы іздеуде жүргендер тізіміне енгізілді.
Биылғы қаңтар айынан бері Арменияда тұрып жатқан Баймурадованың 17 қазанда жоғалып кеткенін жалға алынған пәтеріндегі көршілері хабарлаған. Олардың айтуынша, 15 қазанда Айшат Instagram-да танысымен кездесуге барып, қайтып үйіне оралмаған. Ереванда жоғалған әйелдің фотосуреттері бар парақшалар жарияланған, онда ол отбасылық зорлық-зомбылықтан қашып, Шешенстаннан қашып кеткені айтылған. 20 қазанда Армения полициясы Баймурадованың денесі жалға алынған пәтерінен табылғанын жеткізді. «Кавказ без матери» жобасының негізін қалаушы Лидия Михальченко тілшілерге оның тұншықтырылғанын айтты. Күдікті кісі өлтірушілердің бір ер адам, бір әйел кісі екенін, олардың Ресейге қашып кеткендерін сөз етті Михальченко.
Армениялық құқық қорғаушы және Хельсинки Азаматтар ассамблеясы Ванадзор кеңсесінің басшысы Артур Сакунц DW-ге Баймурадованы алдап алып шыққан әйелдің аты-жөні Карина Иминова екенін айтты. Адам құқықтарын қорғаушылар 2021 жылы Ресейде осы есімді 31 жастағы әйелге қарсы «пышақпен кісі өлтіру қаупі» үшін қылмыстық іс қозғалғанын анықтады.
«Осторожно, новости!» telegram арнасының хабарлауынша, Баймурадованың өлімі болған күні оның денесі табылған пәтерден екі адамның шығып бара жатқаны көрінген; олардың жүздері бейнебақылау камерасына түсірілген. Олар Иминова және 30 жастағы шешен жігіті Саид-Хамзат Байсаров болып шықты. Арнаның мәліметінше, 2018 жылы Байсаровқа Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымын қаржыландырды деген айып тағылған, бірақ Мәскеу соты оны ақтап шығарған. Сонымен қатар, аталмыш арнаның мәліметінше, Байсаровқа қарсы мас күйінде көлік жүргізу және қарақшылық үшін қылмыстық істер қозғалған. Ресурс Иминова мен Байсаровтың Армениядан «беймалал шығып кетіп», Ресейге оралғанын аалға тартады.
USD




