24 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыдағы дәріханаларда қолдан жасалған дәрілер сатылып келген

25 Маусым 2026 22:17
- Дәулет, Жаңалықтар
Алматыдағы дәріханаларда қолдан жасалған дәрілер сатылып келген
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 25 маусым. Еліміз дәріханаларында қолдан жасалған дәрілерді сатуды ұйымдастырған лауазымды тұлғалар ұсталды. Бұл туралы tiek.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Паблик бұл іске қатысты фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғаларының анықталып, ұсталғанын атап өтеді.

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында дәрі-дәрмектерді көршілес мемлекеттерден контрабандалық жолмен әкелу сызбасын ұйымдастырған 4 фармацевтикалық компанияның жолын кесті.

Олардың қатарында күшті әсер ететін дәрілік препараттар да болған, олар кейін ел аумағындағы дәріхана желісі арқылы сатылған.

Тергеу барысында іске қатысы бар тұлғалардың кейбір дәрілік заттарды заңсыз түрде қолдан жасап өндіргендері анықталды. Ең қауіптісі, ондай дәрілердің ішінде психотроптық заттар бар препараттар да болған. Контрафактілік өнімдер азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген, себебі олар санитарлық талаптар сақталмаған жерде дайындалған. Мұндай препараттарды қолдану адам денсаулығына қауіпті екені айтпаса да түсінікті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех анықталды. Сондай-ақ, бұл іске қатысты фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғалары анықталып, ұсталды. Олар заңсыз әрекетті ұйымдастырушыларға ақша үшін қамқорлық көрсеткен. Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 366-бабы – пара алу бойынша сараланған.

Тауар айналымы мен қаржы қозғалысына жасалған талдау контрабанда мен контрафактқа байланысты жасырын сызбалары бар екенін растады. Алдын ала мәлімет бойынша, осы арқылы өткен жылы мемлекетке 800 миллион теңгеден астам салық пен басқа да міндетті төлемдер төленбегені аян болып отыр.

Арнайы бірлескен операция барысында заңсыз айналымнан ірі көлемдегі ақша қаражаттары, ондаған мың қорап жалған дәрі-дәрмек тәркіленді. Олардың ішінде айналымы шектеулі препараттар да бар. Сондай-ақ дәрілерді өндіруге арналған жабдықтар мен шикізат алынды. Бұл жалған медициналық өнімдердің заңды нарыққа түсуінің алдын алуға мүмкіндік берді.

Қылмыстық сызбаны ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Қазір ұсталғандар үстерінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Заңсыз әрекетке қатысы бар барлық тұлғаларды және дәрі-дәрмектердің жеткізу арналары, соның ішінде шетелден келетін жолдары да анықталу үстінде.

Таңбалар: Алматыдәріханажасанды дәрілерқылмыс

Ұқсас мақалалар

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist