Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қызылордада полицейлер құқық бұзушылықтың алдын алуға кірісті

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қыркүйек. Қызылордада полицейлер түнгі ойын-сауық орындарының аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аталмыш шара елімізде қазіргі таңда жүріп жатқан «Учаске» іс-шарасы шеңберінде жүзеге асуда. Жедел-профилактикалық іс шарасы барысында облыстық полиция департаменті басшылығының нұсқауына сәйкес, күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері жоғарыда аталға құқық бұзушылықтарды болдырмау мен олардың алдын алуға кірісті. Осы тарапта облыс орталығында орналасқан қолма-қол ақшамен қызмет көрсету орындары мен түнгі ойын-сауық орындарын, мейрамхана, кафе-барлар мен демалыс нысандарының аумағында қауіпсіздкті қамтамасыз ету, оларды жеке күзет ұйымдарына күзетке беру бағытында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, нысан иелеріне заң талаптарын сақтау, жеке күзет ұйымының тиімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын қолға алды.

​Шара барысында түнгі ойын-сауық орындарын аралап, нысан иелері мен қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен бірге ойын-сауық орындары аумағында құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтауда лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарына күзетке беру, сондай-ақ орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған «дабыл тетіктерімен» жабдықтауға, стандартқа сай заманауи бейнебақылау камераларын орнату жайлы ұсыныстар келтірілді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button