17 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес түрлі марапат алды

16 Қазан 2026 08:38
- Әлеумет, Жаңалықтар
Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес түрлі марапат алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 16 қазан. Алматы биылғы жылдың алғашқы 9 айы ішінде  Азия елдерінде өткен халықаралық туристік көрмелерде бес мәрте марапатқа ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алматы қаласы туризм басқармасының хабарлауынша, осы уақыт аралығында сала өкілдері шетелдік серіктестермен 500-ден астам іскерлік кездесу өткізіп, 284 келісімге қол жеткізген.

Қаңтар мен қыркүйек аралығында Алматының туристік әлеуеті Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия және Жапонияда, сондай-ақ Гонконгта ұйымдастырылған жеті халықаралық көрмеде таныстырылды.

Халықаралық іс-шараларда Алматы түрлі аталымдар бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Мумбайда қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін, Гуанчжоуда ең танымал мәдени бағыт ретінде, ал Сеулде көрме стендінің үздік мазмұны үшін марапатталды. Гонконгта Алматы стендінің жұмысы арнайы жүлдеге ие болса, Куала-Лумпурда қаланың мәдени бағдарламасы үздік деп танылды.

Көрмелер аясында Алматының туристік компаниялары шетелдік туроператорлармен, әуе тасымалдаушыларымен, қонақ үй желілерімен және туристік қауымдастықтармен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында қаланың туристік мүмкіндіктерін халықаралық нарықта ілгерілету, жаңа бағыттар әзірлеу және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар халықаралық көрмелерде Almaty Tourism Day атты Алматы туризмі күндері ұйымдастырылды. Арнайы іс-шараларда жергілікті компаниялар қызметін шетелдік серіктестерге таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Алматының туристік әлеуетін таныстыру кезінде мәдени, гастрономиялық, оқиғалық және тау туризміне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қала мен оның айналасындағы табиғи көрікті жерлер шетелдік туристік нарық өкілдеріне ұсынылды.

Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, халықаралық көрмелерге қатысу Азия елдерінің туристік индустриясымен іскерлік байланысты нығайтуға, жаңа серіктестер тартуға және Алматыны халықаралық туристік бағыт ретінде кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Таңбалар: Алматыбес марапаттуризм

Ұқсас мақалалар

Алматыда этномәдени туризмнің «Қазақтың тойлы кеші» жобасы іске қосылады
Әлеумет

Алматыда этномәдени туризмнің «Қазақтың тойлы кеші» жобасы іске қосылады

16.10.2026
Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады
Әлеумет

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

16.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist