Полицейлер өздерінен қашқан мас жүргізушіні тап бастырмай ұстады

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 тамыз. Қызылордада полицейлерден қашқан мас жүргізуші көп ұзамай қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
8 тамыз күні таңғы сағат 07:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған Sprinter автокөлігін тоқтатпақ болды. Алайда 46 жастағы қала тұрғыны полицейдің талабына бағынбай, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасаған.
Тексеру барысында оның жеке балабақша тәрбиеленушілерін масаң күйде тасымалдағанына көз жетті. Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы және басқа да баптары бойынша бірнеше хаттама толтырылды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Автокөлік айып алаңына қойылды.






