13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Елімай» – «Ордабасы» матчындағы жанжалға айыптылар жазаларын алды

25 Маусым 2026 23:31
- Жаңалықтар, Қайнар
«Елімай» – «Ордабасы» матчындағы жанжалға айыптылар жазаларын алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 25 маусым. Бұдан бірқатар күн алдын Семейде «Елімай» мен «Ордабасы» арасында өткен матч соңындағы инцидентке тиісті баға беріліп, оған нақты кінәлі мамандар жауапқа тартылды. Бұл туралы Sportarena.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясының 23 маусым күні өткен Бақылау-тәртіптік және этика комитеті Бақылау-тәртіптік және этика комитеті Премьер-лиганың 13-туры шеңберінде ойналған «Елімай» және «Ордабасы» арасындағы матч бойынша шешім шығарды. Ол осыған жол беріп алған клубты, бас жаттықтырушыны және бас арбитрды жазалады.

Еске сала кетейік, Семейде 14 маусымда «Елімай» мен «Ордабасы» арасында өткен матч 3:1 есебімен меймандардың пайдасына шешілген болатын. Обалы не керек, шымкенттіктер бұл ойында қарсыластарынан әлдеқайда күшті ойнады. Мұны олардың соққан голдары ғана емес, доп ұстау уақыттарының анағұрлым көп екені де анық аңғартады.

Айтқандай, «Елімай» бұдан кейін, 21 маусым күні өз алаңында лига аутсайдері «Атырауды» қабылдап, одан да жеңіліп қалды (1:2).

Ал сол жанжал туған матчтан кейін алаң иелерінің бас жаттықтырушысы Андрей Карпович (суретте) төрешілер бөлмесіне басып кіріп, оған «Сен не істеп жүрсің?» деп тарпа бас салады. Кейінірек ол рефери Арман Исмұратовты өздерін боқтады және командаға дөңайбат көрсетті деп айыптайды.

Біз бұған дейін осы жерде болған әңгіменің аудиоға жазылып алынған нұсқасының стенографиялық жазбасынан үзінді жариялаған едік. Онда арбитрдан бөлек, «Елімай» клубы директоры Федор Симинидің де, бас жаттықтырушы Андрей Карповичтің де, сондай-ақ аты-жөні айтылмайтын команда бастығының да ауыздарынан ақ ит кіріп, орыстың боқтық сөздерін қарша боратып жатқандарын тыңдауға болатын еді.

Содан кейін біз жалғыз рефериді ғана емес, осы боқтықтың боқшасын ашып тастаған «Елімай» клубының басшылары да жазадан құр қалуға тиіс емес екенін, олардың тіпті ойыннан кейін төрешілер бөлмесіне басып кіріп, есеп айырысу ғана емес, олармен жеке барып тілдесуге де құқықтары жоқ екенін, ал наразы болса, оны федерацияға жазбаша жеткізу арқылы шешілулері керектігін атап көрсеткенбіз.

Бақылау-тәртіптік және этика комитеті бұл мәселені қарауды тым кешеуілдеткен жоқ. Ол көпшілік күткен дәрежедегідей әділ шешім қабылдады.

Осының нәтижесінде «Елім-ай» клубының бас жаттықтырушысы Андрей Карпович қатарынан 4 ойынға шеттетілді. ҚФФ мәліметінше, ол «төрешінің әрекеттерімен агрессивті түрде келіспейтінін білдіріп, соның салдарынан ойыншылар, клуб өкілдері мен төрешілер тобы арасында жанжал туындаған». «Елімай» футболшысы Жан Әли Пайруз да 4 матчтан тыс қалдырылды. Бұған оның алаңның ортасында бас төрешіге «дене күші арқылы қысым көрсетуге әрекет жасауы» себеп болған. Карпович пен Пайруз үшін дисквалификация мерзімі 15 маусымнан бастап есептеледі.

Клубтың басқарушы директоры Федор Симинидиге «Елімай» қатысатын матчтар өтетін стадиондарға баруға тыйым салынды. Бұл шектеу 2026 жылдың 24 маусымынан 1 қазанына дейін күшінде болады. Сонымен қатар оған 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

ҚФФ дерегінше, Симиниди матч кезінде алаңға жүгіріп шығып, рефериге күш көрсетпек болған, ал ойыннан кейін төрешілердің киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, балағат сөздер айтып, арбитрға қоқан-лоққы жасаған.

Бұған қоса, «Елімай» клубының өзіне де айыппұл жүктелді. Жанкүйерлердің «матчтың ресми тұлғаларын қорлап айқайлауы және төрешіге тиген заттарды алаңға лақтыруы», сондай-ақ «бөгде адамның төрешілер бөлмесіне заңсыз кіруі» үшін клуб 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бұдан бөлек, команданың «тәртіпсіз мінез-құлқы» үшін тағы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Осылайша, клубқа салынған жалпы айыппұл көлемі 400 АЕК болды.

Әрине, матчтың бас төрешісі Арман Исмуратов та жазасыз қалмады. ҚФФ оны «ойыннан кейін «Елімай» өкілдеріне қатысты орынсыз әрекеттері мен балағат сөздері үшін» 2026 жылдың 24 маусымынан 1 қазанына дейін қызметінен шеттетті.

Сонымен қатар ол Семей соты үкімімен 5 тәулікке қамалып шықты.

Таңбалар: Елімайжазатәртіпфутбол

Ұқсас мақалалар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды
Жаңалықтар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды

13.07.2026
Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды
Жаңалықтар

Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды

12.07.2026
Англия Норвегияны қосымша уақытта ұтып, жартылай финалға шықты
Жаңалықтар

Англия Норвегияны қосымша уақытта ұтып, жартылай финалға шықты

12.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist