9 Шілде, 12:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді

16 Мамыр 2026 23:20
- Дәулет, Жаңалықтар
АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 16 мамыр. АҚШ-тың ең ірі банкі соғыс аяқталғаннан кейін Украинаның «фин сценарийін» қайталайтынына болжам жасады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей-Украина соғысының ең ықтимал нәтижесі «фин сценарийі» болып шығады, оның ақырында Киев территориясының бір бөлігінен айырылып қалады, бірақ өзінің егемендігін, армиясын және Батыспен интеграциялық бағытын сақтайды. Мұндай болжамды АҚШ-тағы ең ірі JPMorgan Chase банкінің сарапшылары «Ukraine Engame: The path to an Imperfect Peace» атты баяндамасында білдіреді.

Олардың бағамдары бойынша, соғыстың нәтижесі келіссөздер үстелінде шешіледі, өйткені ұрыс алаңындағы жағдай тығырыққа тіреледі және алдыңғы шеп екі жылдан астам уақыт бойы бір орнынан қозғалған жоқ. «Ресеймен ымыраға келу шеңберінде, – деп санайды JPMorgan, – Украина бейтараптыққа, армияның күші мен мүмкіндіктерін шектеулерге келісуге мәжбүр болуы мүмкін. Мәскеу сосын бұл нәтижені, Украинаның толық берілуіне қол жеткізбесе де, өзінің жеңісі ретінде көрсете қояды».

Банк аналитиктері осыған орай Украина Финляндия өткенге ұқсас жолдан өтуі керек деп санайды. 1939 жылы КСРО-мен соғыстан кейін Суоми елі өз аумағының шамамен 10%-ын жоғалтты, соның ішінде Карелияны беріп қойды, сөйтіп, фин өзімен туыс карельдермен ажырап қалды, бірақ көршісімен тікелей соқтығысудан аулақ бола отырып, демократиялық жүйені, нарықтық экономиканы және Батыспен байланысты сақтап қалды. Киев үшін бұл одақ Жарғысының 5-бабы бойынша бастапқыда толық қорғаныссыз болса да, Еуропа одағымен, бәлкім, уақыт өте келе, НАТО-мен де біртіндеп интеграцияға келуге жол ашып береді.

Бұдан бір жыл бұрын JPMorgan сарапшылары Украина үшін базалық нұсқа «грузин сценарийі» болатынын, оның да Тбилиси сияқты біртіндеп Кремль орбитасына оралатынын болжаған еді. Мұның даму ықтималдығы сол кезде 50% деп бағаланды. Ал қазір банк болжамды айтарлықтай өзгертіп жіберіп отыр, яки «фин сценарийінің» ықтималдылығы 50%-ға баланса, «грузин сценарийі» 30%-ға дейін түсті, сондай-ақ «Израиль сценарийі» 10%, ал «Оңтүстік Корея» және «Беларусь» модельдері 5% пайызға бағаланады.

Банк сондай-ақ Батыстың қолдауының біртіндеп әлсірей беруі, тұрақсыздықтың ұзаққа созылуы және Украинада толқу пайда болуы оның еш капитуляцтясыз-ақ қайтадан Ресейдің құшағына айналып баруына апарып соқтыруы кәдік деген тұжырымды да ұсынады.

Таңбалар: АмерикаУкраинафин сценариі

Ұқсас мақалалар

Зеленський кеңсесінің басшысы Украина жылдар бойы соғысуға дайын екенін айтты
Жаңалықтар

Зеленський кеңсесінің басшысы Украина жылдар бойы соғысуға дайын екенін айтты

07.07.2026
Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды
Жаңалықтар

Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

07.07.2026
Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады
Бас баған

Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist