БҰҰ-дағы Израиль елшісі: Қиын болғанына қарамай, біз төзіп келдік

НЬЮ-ЙОРК. 14 маусым. Израильдің БҰҰ жанындағы тұрақты елшісі Дэнни Данон (суретте) Иранның қитұрқылықтарына осы уақытқа дейін шыдап келгендерін айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ақыры болмағасын, Израиль әуе күштері маусымның 13-іне қараған түні Иранға соққы беруді бастады. Осыдан кейін Израиль елде төтенше жағдай жариялап, өз әуесіеің кеңістігін жапты. Бұған Иран артынша 100-ден астам ұшқышсыз ұшақтармен және зымырандық шабуылдар жасау арқылы жауап берді.
Fox News: Иран Тель-Авивтегі үкіметтік кешенге шабуыл жасады
Иранның баллистикалық зымырандары Тель-Авивтегі, атап айтқанда, Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) штаб-пәтері орналасқан Кирия үкіметтік кешеніне тиді. Мұның жайын Fox News тілшісі Трей Йингст Тель-Авивтен тікелей эфирде хабарлады. Оның айтуынша, 13 маусым, жұма күні кешке Иран Израильге 150-ге жуық баллистикалық зымыран ұшырған. Олардың кейбіреулері Кирия кешеніне барып соққан. «Бұл – Пентагонның израильдік баламасы. Кешендегі бір ғимаратқа жаңа ғана соққы жетті, – деді Йингст. – Бүкіл махалла толығымен дерлік күйреп, жер бетінен жойылды».
БАҚ Теһрандағы Мехрабад әуежайында жарылыс болғанын жариялады
Израиль әуе күштері Теһранның екі әуежайының бірі – Мехрабад халықаралық аэропортының аумағына соққы жасады деген болжам бар. Франс Пресс журналисі хабарлағандай, 14 маусым, сенбі күні таңертең Иран астанасының батысында орналасқан әуежай аумағында жалын мен қою түтін көрінген.
Иранның ISNA ақпарат агенттігі әуежай үстінде көтерілген түтін бағаналары бейнеленген видео жариялады. Жарылыс туралы ақпарды Mehr агенттігі де растады.
Бұдан күн бұрын таңертең Иран билігі астананың бас халықаралық қақпасы – Имам Хомейни әуежайының жұмысын тоқтатты.
АҚШ Израильге Иранның зымыран шабуылдарынан қорғаныста қолдау көрсетеді
«Мен Америка Құрама Штаттарының Израильге атылған зымырандарды қайтаруға көмек көрсетіп жатқанын растай аламын», – деп келтіреді Франс Пресс Ақ үй өкілінің сөзін. Агенттіктің сұхбатшысы қолдаудың ауқымы туралы толық мәлімет бермеді.
АҚШ президент әкімшілігіндегі мәнбелерге сілтеме жасай отырып, Франс Пресс агенттігі де 13 маусым, жұма күні Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлескенін баяндады.
Иран Натанз атом электр станциясының маңызды бөлігін қиратты
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Иранның Натанз қаласындағы негізгі уран байыту нысанының жер үстіндегі маңызды бөлігі Израильдің әуе шабуылынан қирағанын растады. Ресми Теһранның агенттікке берген ақпарына сәйкес, «Иранның 60 пайызға дейін (U-235) уранды байытқан Исфахан провинциясындағы Натанз қаласындағы тәжірибелік отын байыту зауытының жер үсті бөлігі жойылған».
Кир Стармер: Лондон Иранның ядролық бағдарламасына алаңдайды
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлескенде, Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың өршуі жайын талқылады. Даунинг-стрит ақпарат көздері екі ел көшбасшылары жағдайды деэскалациялауда дипломатия мен диалогтың маңыздылығын атап өтті. Кир Стармер Ұлыбританияның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты «өте алаңдаушылығын» айтты. Трамп пен Стармер бұл мәселені келесі аптада Канададағы G7 саммитінде талқылауды жалғастырады.
Израильдің БҰҰ-дағы елшісі: Біз жағдай қиын болғанына қарамастан, ұзақ уақыт шыдамдылық таныттық
Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Дэнни Данон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Израиль әуе күштерінің Иран нысандарына жасаған шабуылдарын «өзін-өзі қорғау әрекеті» деп бағалады. «Иран соғысқа дайындалып жатыр, ал Израиль қауіп-қатерге қарамастан шыдамды болды», деді ол.
«Біз дипломатияның жұмыс істеуін күттік. Біз Иран жалған жеңілдіктер жасаған немесе ең қарапайым шарттардан бас тартқан кезде келіссөздердің созылып жатқанын көрдік», – деп түсіндірді Данон. Оның айтуынша, Израиль барлау қызметі Иран бірнеше күн ішінде бірнеше ядролық бомбалар жасауға жеткілікті бөлшектенетін материал шығара алатынын растаған.
Иранның Израильге соққы беруінің жаңа толқыны: 1 адам қаза тапты, 70-ке жуық адам жараланды
Израильдің Ynet басылымының хабарлауынша, Иранның Израильге берген зымыран соққыларының жаңа толқыны нәтижесінде Гуш Дан қаласында 7 адам жарақат алған. Бұған дейін 62 адам жараланып, 1 әйел ауыр жараланып, ауруханада қайтыс болғаны хабарланған болатын.






