Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Израиль Иранға соққы беріп, өз әуе кеңістігін жауып тастады

ТЕЛЬ-АВИВ. 13 маусым. Өткен түнде Израиль әуе күштері Иранның бірнеше қаласына күйрете соққы берді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Теһранда жарылыс дыбыстары естіледі. Израиль төтенше жағдай жариялап, өз әуе кеңістігін жапты.

«Израиль де төтенше жағдай жариялады», деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.

«Израиль мемлекетінің Иранға алдын ала соққы беруінен кейін жақын арада Израиль мемлекеті мен оның бейбіт тұрғындарына зымыранмен және ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасалуы күтілуде», – деп келтіреді The Times of Israel Катц.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның ядролық бағдарламасына бағытталған «Халық арыстан сияқты» деп аталатын коды бар операциясын бастағанын растады.

ЦАХАЛ-дың мәліметінше, Иранда қазір бірнеше күннің ішінде 15 ядролық бомба жасауға жеткілікті байытылған уран қоры бар. «Сондықтан Израиль бұл «төніп тұрған қауіпке» қарсы әрекет етуі керек», деп жазады The Times of Israel.

«Израиль әскери-әуе күштері Ирандағы ядролық бағдарламаға және басқа да әскери нысандарға қатыстары бар ондаған нысанаға соққы берді», деп хабарлады ЦАХАЛ мәлімдемесінде. «Көптеген жарылыс дыбыстары», атап айтқанда, Натанз қаласындағы ядролық нысан маңында естілді», деп атап өтті Reuters.

13 маусым, жұмаға қараған түні Израильдің Иранға жаппай соққы беруінен кейін Израильдің бүкіл әдемдегі елшіліктері мен консулдықтары жабылып қалды. «Соңғы оқиғаларды ескере отырып, Израильдің дүние жүзіндегі өкілдіктері жабық күйінде қалды, консулдық қызметтер көрсетілмейді», – деп баяндады Израиль дипломатиялық миссияларының веб-сайттары.

Иранның рухани көсемі – аятолла Әли Хаменеи Израильді Ислам Республикасына соққы бергені үшін қатаң айыптап, бұған қатаң жауап берілетінін айтып қорқытты. Оның айтуынша, Израиль «Иранға қарсы қылмыс жасаған», «өзінің жиіркенішті мәнін көрсеткен». Сондықтан Израиль «ауыр жазаға» ие болады», – деп жазды Иран мәтбұғаттары Хаменеидің сөзін.

Әлемнің көптеген саяси сарапшылары Иранға қатты соққы берілсе, Таяу Шығыс пен Йеменде тыныштық орнауымен бірге. ТеҺранның Мәскеуге көмектесуі кілт тоқтайтынын атап өтуде.

Израиль бұл соққыны беру үшін бірнеше жыл арнайы дайындалған сияқты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button