Еуропа одағы Украинаға АҚШ қаруларын сатып әпергісі келеді

БРЮССЕЛЬ. 26 мамыр. Еуропа одағы Украинаға АҚШ-тың осы заманғы озық қаруларын сатып әперуге әрекет жасап жатыр. Бұл туралы Bloomberg ақпарын алға тартқан rast.kz хабарлайды.
Егер Уашингтон Украинаға әскери қолдау көрсетуді тоқтатса, Еуропа Киевке жеткізу үшін АҚШ-тың өзінен қару сатып ала бастауы мүмкін.
Еуропа елдері АҚШ Киевке әскери көмек көрсетуден бас тартса, одан Украинаға беру үшін қару-жарақ сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.
Агенттік мұндай шешім Еуропа одағының өз қару-жарақ қорының тапшылығына және оларды жеткілікті мөлшерде шығару мүмкіндігіне байланысты қабылдануы мүмкін екенін көрсетті.
«Егер АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қару-жарақ беруден бас тартса, Еуропа мұның орнын толтыру жолдарын қарастырады» деп жазады Bloomberg өзінің ақпарат мәнбелерінен алынған ақпаратқа сілтеме жасап. «Бұрынғы президент Джо Байден мақұлдаған және қаржыландырған қару-жарақ сатылымы осы жазда аяқталуы мүмкін, бұл Еуропадағы бос орынды толтыра алмайды», дейді агенттік сұхбат берген саясаттанушылар. «Ресей президенті Владимир Путин бұл жағдайды майданда пайдаланып қалуға тырысады», деп ескертеді Bloomberg сарапшылары.
АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер процесі тұйыққа тірелсе, Уашингтонның одан шығатынын бірнеше рет айтқан. Ақ үй бұған дейін Еуропаның Путинге санкцияларды күшейту арқылы дереу атысты тоқтатуға келісуіне мәжбүр етуге шақыруларын қолдамады.
«Керісінше, Кремль жазғы шабуылға дайындық ретінде Трампқа уәде еткен бейбіт келіссөздерді созып жатқан сияқты», деп хабарлады агенттік мәнбелері. Осы аптаның басында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей алдағы бірнеше күнде атысты тоқтату туралы өз шарттарын ұсынуға келіскенін, бірақ әзірге келіссөздерден нақты нәтиже болмағанын айтты.
«Трамп 19 мамырда Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін еуропалық көшбасшыларға Ресей президентінің Украинадағы соғысты тоқтатқысы келмейтінін мәлімдеді, себебі ол соғыста жеңіске жетіп жатырмыз деп санайды», деп жазады The Wall Street Journal. Мәтбұғат атап өткендей, еуропалық көшбасшылар Путиннің соғысты тоқтатқысы келмей отырғанын баяғыда біліп қойған, бірақ олар Трамптың бұған көзі жеткенін бірінші рет байқап отыр.






