25 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина мен Ресейдің Ыстанбұлдағы келіссөзі еш нәтиже бермеді

16 Мамыр 2025 22:14
- Аймақ, Жаңалықтар
Украина мен Ресейдің Ыстанбұлдағы келіссөзі еш нәтиже бермеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЫСТАНБҰЛ. 16 мамыр. Украина мен Ресей делегацияларының Ыстанбұлда өткен келіссөзі айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ыстанбұлда украин және орыс елдері делегациялары арасындағы келіссөз аяқталды. Түрік сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркияның ара ағайындығымен 16 мамыр, жұма күні өткен келіссөз бір жарым сағатқа созылған. Онда Украинадағы соғысты аяқтау мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл 2022 жылғы ақпаның 24-інде Ресейдің оккупациялық армиясы бейбіт Украина жеріне басқыншылықпен басып кіргелі бергі екі ел арасында өткен бірінші тікелей келіссөз болды.

Бірақ оның ешқандай мәнді нәтиже әкелмейтіні басынан айқын еді. Басында Украина президенті Володимир Зеленський Ресей президенті Владимир Путинді Ыстанбұлда кездесуге шақырған. Сосын Анадолы жеріне жеткесін: «Мен келіп тұрмын. Күтемін» деді ол. Алайда соңғы сәтке дейін жауап бермеген Кремль диктаторы ақырында мұнда келуден бас тартты. Сөйтіп, өз орнына көмекшісі Владимир Мединский бастаған майда шабақтардан тұратын деңгейі төмен делегация жіберді.

Осыдан кейін Володимир Зеленьский бұл келіссөзге президент кеңсесінің басшысы Ондрий Эрмак бастаған делегацияны қосты.

«Біз енді Путиннің соңынан қуып, бүкіл жер шарын шарлап жүрмейміз ғой, келгісі келмесе, өзі білсін» деді ол сосын.

Украина президенті осы күні Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.

«Ресей мен Украина делегациялары Ыстанбұлдағы келіссөздің раунды жалғасатынын не жалғаспайтынын шешкен жоқ» деп жазды Ресейдің ТАСС агенттігі. Кейінірек екі жақтың баспасөз үшін мәлімдеме дайындағаны белгілі болды.

Кейбір мәнбелерден анықталғанындай, Ресей тарапы бейбітшілік жөніндегі келіссөз басталуы үшін Украинадан өздері жартылай территориясын басып алған Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарынан әскерлерін әкетуді талап еткен. Бұл талап орындалмаса, кейін олардың қатарына Харьков және Сумы облыстары да қосылатынын айтып, қорқытпақ болған. Бұған үзілді-кесілді қарсы шыққан украин делегациясы келіссөз үстелін тастап шығып кеткен. Бірақ сәлден соң келіссөз қайта жалғасқан. Онда Мединскийдің тобы «Кезінде Ресей Швециямен 21 жыл соғысқан. Біз бұл жолы да соған дайынбыз. Сендер соған дайынсыңдар ма?» деген сұрақ қойған.

ТАСС-тың мәліметінше, Киев Ыстанбұлдағы бұл келіссөзді 2022 жылы үзіліп қалған дипломатиялық кездесулердің жалғасы ретінде танудан бас тартқан.

Украина делегациясы келіссөзде Ресей ұсынып отырған талаптардың ақылға сыйымды нәрсе емес екенін мәлімдеді. Сондықтан ол – төрт облыс пен Қырымнан бас тарту – ешқашан қабылданбайтынын ашық айтты.

Украина президенті Володимир Зеленський әлем қауымдастығын келіссөз процесін әдейі қасақана құрдымға жіберіп отырған Ресей тарапын қатаң жазалауға шақырды. Мұның алдында Германия канцлері Фридрих Мерц Ресей  бейбіт келісімге келмейтін болса, оған өте қатаң тәртіпті жаңа санкциялар тізбегі ұсынылатынын баяндаған еді. Осы тарапта Еуропа одағы да сондай санкциялардың даярланып жатқанын айғақтады.

Ал Владимир Мединский керісінше Ресей тарапын келіссөз нәтижесі, тұтастай алғанда, қанағаттандыратынын білдірді. «Украин тарапы мемлекеттер басшыларының тікелей кездесулерін сұрады, біз оны мәліметке алдық» деді ол.

Бұдан бөлек, жақын күндері Ресей мен Украина арасында «мыңға – мың» тәртібімен тұтқын алмасу жүретініне уағдаластыққа қол жеткенін жеткізді.

Ыстанбұлда екі ел арасында келіссөз жүріп жатқан кезде РФ дрондары Украинаға тағы шабуыл жасады.

Таңбалар: келіссөзУкраинаЫстанбұл

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist