Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путин Ыстамбулға барып, Зеленськиймен кездесуге жарамады

МӘСКЕУ. 15 мамыр. Түркияда Украина президенті Володимир Зеленськиймен кездесуге Ресей президенті Владимир Путиннің жүрегі жетпеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Трамптың қайта-қайта табанды түрде шақыруына қарамастан, Путин Ыстамбулға барудан ақыры ада-күде бас тартты.

РФ президенті Владимир Путин 2022 жылғы ақпан айынан бері бірінші рет Ыстанбұлда тікелей жүргізілетін Ресей – Украин келіссөзіне бармайды. Мұны Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейсенбі күні жеткізді.

Осындай кездесу жайында өзі идея көтеріп, кенет Зеленьскийден тет-а-тет сөйлесу жөнінде күтпеген жерден ұсыныс алған Путин тіпті АҚШ президенті Трамптың талай мәрте шақырғанына қарамастна, Анадолы жеріне барып қайтуға шешім қабылдай алмады. Шамасы, өз қауіпсіздігінен қорыққан шығар.

«Егер бұл орынды болып жатса, мен жұма күні ұшып барамын» деді Трамп бейсенбі күні.

Бірақ Кремльдің қожайыны келіссөзге майда-шүйде шенеуніктер делегациясын жіберуге шещім қабылдады. Оны президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барады. Украина делегациясына президент кеңсесінің жетекшісі Ондрий Эрмак басшылық жасайды.

Еске сала кетейік, мұның алдында бір күн алдын Володимир Зеленський: «Егер кездесуге Владимир Путиннің өзі келмей, басқа делегация жіберетін болса, мен олармен кездеспеймін. Мен Ыстамбұлға ол келмесе де барамын. Онда Түркия президенті Тайип Реджеп Ердоғанмен келіссөз жүргізіп қайтам», – деді.

Мәскеу мұның алдында украин лидерінің келіссөздер кезінде 30 күн атысты тоқтату жөніндегі ұсынысын қабылдамады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button