Байден Украинаға 2026 жылға дейін жететін қару-жарақ бөліп кетіпті

УАШИНГТОН. 25 ақпан. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің әкімшілігі кетер алдында Украинаға мол қару-жарақ беру туралы құжатқа қол қойған болып шықты. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина АҚШ-тан қару-жарақ пен оқ-дәрі түрінде айтарлықтай қолдау алады, бұл оның әскери әлеуетін 2026 жылға дейін сақтауға көмектеседі. Украина осылайша Ресейдің әскери агрессиясы жағдайында елдің қорғанысын нығайта түсуге мүмкіндік алмақшы.
Осыған байланысты шешімді Байден әкімшілігі қызметінен кетер алдында қабылдаған. Мұның жай-жапсарын Wall Street Journal газеті жазды.
Байден әкімшілігі Американың қорғаныс компанияларымен Украинаға әскери техниканың әртүрлі түрлерін, соның ішінде оқ-дәрілерді, әуе қауіптерін болдырмауға арналған құрамдас бөліктерді және көліктерді жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойған. Бұл жеткізілімдер 2026 жылға дейін жалғасады және Украинаға Ресей агрессиясына қарсы күресте қолдау көрсетуге арналған.
Батыс сарапшылары «бұл көмексіз Украина оқ-дәрі тапшылығына ұшырауы мүмкін және ең заманауи қару-жарақтарды пайдалана алмас еді» деп есептейді.
Украина президенті Володимир Зеленьский қазірдің өзінде әскери көмекті қайта қарастырамыз деп қорқытқан Трамп әкімшілігінің қысымына ұшырап жатыр. Ресеймен жалғасып жатқан соғыс жағдайында мұндай қолдау майдандағы позицияларын нығайтуға үміттенетін Киев үшін өте маңызды болып табылады.






