Рыбакинаның экс-бапкері тағы бір жылға жарыстан шеттетілді

ЛОНДОН. 12 ақпан. Британияның The Athletic басылымы хорват жаттықтырушысы Стефано Вуковқа қатысты тексеру жұмыстарының аяқталғанын жария етті. Бұл туралы «Чемпионат.ru» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәтбұғат, дәлірек айтқанда, Әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы, хорват Стефано Вуковқа қатысты жүргізген тексеруінің нәтижелерін жан-жақты ашып көрсетті.
Мәнбенің ақпары бойынша, Вуковтың дисквалификациясы тағы бір жылға созылады.
Тексеру қорытындысында атап өтілгендей, хорват жігіт Рыбакинаға психикалық және күш көрсету қысымдарын жасаған. Осының өзі теннисшіні ұдайы науқастанып қала беруге апарып жеткізген. Соның салдарынан ол өткен жылы бірнеше халықаралық турнирді аяқтай алмай, өз еркімен жарыс жолынан шығып қалған.
Вуков қазақстандық спортшыны «кем ақыл» деп атап, «өзі болмаса, Елена Ресейде картоп жинап жүрген болар еді» деген сыңайда әңгіме айтып, қорлап тұрған. Бұған қоса, Вуков пен Рыбакинаның Аустралияның ашық чемпионаты – Australian Open турнирі өтіп жатқан күндері Мельбурндағы мейманхананың бір бөлмесінде бірге тұрғаны да сөз болып жатыр.
2024 жылдың күзінде Елена Рыбакина өзінің Вуковпен қызметтестігінің тоқтағанын жариялаған болатын. Осыдан кейін Стефано этика кодексін бұзғаны үшін WTA-да жұмыс істеу құқығынан айырылды. Елена WTA-ның қорытынды турнирі өткенше жаттықтырушысыз қалды. Сосын серб Горан Иванишевич коуч болып келді. Алайда биылғы қаңтардың соңында онымен де қоштасты.
Сол кезде итальян Давиде Сангинетти бапкер болып белгіленді. Ол Еленаның бұрынғы жаттықтырушысымен аралары «жақын» болғанын айтып қойды. «Вуков үнемі жанымызда болады, оның Еленамен екеуінің арасы жақын. Біз Стефаномен көп қарым-қатынас жасасамыз, біз бір толқындамыз, екі жаттықтырушысы болу деген проблема емес, мұны енді дәстүр десек те болады», – деді Сангинатти The Tennis Gazette газетіне берген сұхбатында.