Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Елена мен оның экс-бапкері бір-бірімен «жақын» болды»

АСТАНА. 7 ақпан. Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина мен оның бұрынғы жаттықтырушысы арасында «роман» болған сияқты. Бұл туралы Tengri Sport ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Рыбакинаның бапкерімен қоштасқасын неге жылай бергені белгілі болды. Елена хорват коучы Стефано Вуковтың қызметінен өз еркімен бас тартқанымен, ол кеткеннен кейін мазасы қашып, бірнеше турнирді аяқтамайты тастап кетіп жүрді. Оның неге бұлай ететіні жанкүйер қауымға түсініксіз болғанымен, мұның астарында жаттықтырушы мен шәкірті арасындағы қарым-қатынастан да терең байланыс бар екені аңғарылып тұратын.

Ақыры Еленаның қазіргі жаттықтырушысы, итальян Давиде Сангинетти оның бұрынғы бапкерімен аралары «жақын» болғанын айтып қойды.

Вуковпен қоштасқаннан кейін сербтің атақты маманы Горан Иванишевичті жалдаған Рыбакина бәрібір жылаудан көз ашпады. Ақырында мұнымен де қош айтысып, Абу-Дабидегі турнирдің алдында итальян маманын жалдап алды.

Итальян жігіт тағайындауден кейін берген сұхбатында Рыбакинамен өткен күзге дейін жұмыс істеген Стефано Вуковтың команда жанында ұдайы бірге жүретінін айтты.

«Вуков үнемі жанымызда болады, оның Еленамен екеуінің арасы жақын. Біз Стефаномен көп қарым-қатынас жасасамыз, біз бір толқындамыз, бір спортшының екі жаттықтырушысы болу деген қазір проблема емес, мұны енді дәстүр десек те болады», – деді Сангинетти The Tennis Gazette газетінің тілшісіне.

Атап өтейік, Рыбакина мұның алдындағы жаттықтырушысы Горан Иванишевичпен Australian Open турнирінен шығып қалған бойда қоштасқан болатын.

Рыбакина Вуковпен қызметтестігі тоқтағанын өткен жылы тамыз айында АҚШ-тың US Open турнирі сөреден шығар алдында жариялады. Бірақ бұл қоштасудың себебін жаттықтырушы де, спортшы да осы кезге дейін ашып айтқан емес. Әйткенмен тап осы кезде маман WTA-ның жаттықтырушылар тізімінен шығарылып тасталды.  Демек, мұнда айтарлықтай елеулі бір құпия бар.

Кейін біздің атлет сол жаттықтырушысын командаға қайтарғаны белгілі болды. Алайда ол енді WTA аясындағы турнирлерде ешкімнің ресми түрдегі бапкер бола алмайды.

Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы, белорус қызы Арина Соболенко әріптесі Рыбакина мен Вуковтың арасында «нағыз махаббат» бар екенін мәлімдеген болатын. Ол бұған дәлел ретінде коучтің Уимблдон турниріндегі жеңістен кейін қолына салып алған татуировкасын алға тартты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button