Грантқа ілікпеген түлек Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді
АСТАНА. 21 тамыз. Кеше, 20 тамыз күні ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балл алғанымен, грантқа түспеген талапкер сотқа жүгінді. Бұл туралы Egemen.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Хабарламада ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған, бірақ өзі көздеген оқуға түсе алмаған бірінші талапкердің Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен сотқа әкімшілік шағым түсіргені баяндалады. Мұның жайын адвокат Халида Әжіғұлова өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Заңгердің баяндауынша, грантсыз қалған 200-ге жуық талапкер өз құқықтарын қорғауды сұрап, өзінен көмек сұраған.
«Өкінішке қарай, министрлік өз қатесін әлі мойындамай отыр, заңнаманы бұзып ТЖ квотасын рұқсатсыз енгізуге құқылымыз деп санайды. Бірақ министрлік өз күшімен жеңіп тұрған гранттарынан заңсыз айырылған талапкерлерді үнемі көзге ілмей жүре бере алмайды. Грант үшін жылдар бойы еңбек еткен балалардың құқығын шектеп, тасқыннан зардап шеккен басқа балаларға көмектесуге болмайды. Басқаның есебінен қайырымдылық жасауға болмайды. Менің ойымша, үміткерлер өздерінің құқықтарын қорғауға және оларға тең дәрежеде лайықты мемлекеттік гранттар беруді талап етуге толық құқылы деп санаймын. Үміткерлер әділетсіздіктен зардап шекті деп есептеймін. Енді мұндай әділетсіздікке не себеп болғанын анықтау маңызды: шенеуніктердің қабілетсіздігі немесе заңнамадағы олқылықтар», – деп жазды құқық қорғаушы.
Адвокат Халида Әжіғұлова ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған кейбір түлектердің биыл жоғары білім алу мүмкіндігінен айырылғанын атап өтті. Сондай-ақ университеттер жоғары балл алғанына қарамастан, кейбір балаларға ішкі гранттарды беруден бас тартқан.
Суретте: Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек