Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Олимпиада-2024: Қазақстан спортшылары бүгін жарысты бастайды

ПАРИЖ. 25 шілде. Бүгін Қазақстан спортшылары арасынан бірінші болып садақшылар Ойындардағы бәсекелеріне кіріседі. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жарыс бағдарламасының бұл түрінде біздің еліміздің намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жанбырбай және Александр Еременко қорғайтын болады.

Олимпиялық ойындардағы алдын ала іріктеу сайыстары бүгін, 25 шілде күні сөреден шығады. Ол жеке жарыстарды бастап береді. Спортшылар осы кезден бастап рейтингтік раундтан өтулері керек. Соның нәтижесінде олимпиадалық турнирдің одан арғы жүйесі түзіледі.

Айта кетуіміз керек, Ойындардағы плей-офф 30 шілдеде 1/32 финалдан өріс алады.

Сайыс Астана уақыты бойынша 17.15-те басталады.

Ертең, 23 шілде күні Олимпиялық ойындардың ресми ашылу салтанаты өтеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button