Пенсильваниядағы митинг кезіндегі атыс салдарынан Трамп жараланып қалды
ГАРРИСБЕРГ. 14 шілде. АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы митингісі кезінде басталып кеткен атыс нәтижесінде Дональд Трамп жарақат алып қалды. Бұл туралы The New York Time ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Америка мәтбұғатының хабарлауынша, Пенсильвания штатында АҚШ президенттігіне мүдуар Дональд Трампты белгісіз біреулер атқан. Нәтижесінде жарақат алып қалған миллиардер шұғыл түрде кеселханаға жөнелтілген.
«14 шілде күні Дональд Трамптың Пенсильваниядағы Батлер қаласында өтіп жатқан сайлау алды митингісі кезінде мылтық дауыстары естілді. АҚШ президенттігіне үміткер жарақат алып қалып, сөйлеп тұрған сөзін тоқтатуға мәжбүр болды, оны құпия қызмет шұғыл түрде алып кетті. Митингідегі суреттерде көрініп тұрғандай, миллиардердің құлағы қанға бөккен», – делінген хабарламада.
Шабуыл жасалған мәуріт видеоға түсіп қалыпты, оны бірқатар Telegram-арналар жариялады. Осы жазбалардан атыстың алғашқы секундтарында экс-президенттің тап осы құлағын ұстай алғаны, келесі мезетте Трамптың кортежі митинг өткен орыннан жылдам кетіп бара жатқаны көрініп тұр. АҚШ президенттігіне кандидаттың өзі сол бойда медицина қызметкерлерінің қарауына жеткізілді.
Кейінірек Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунг орын алған оқиғаға байланысты түсіндірме бере келіп, миллиардердің ахуалы «қалпынша» екенін атап өтті. Ол Трамптың оқиға кезінде өте тиімді жұмыс жасаған «құқық қорғау органдары мен шұғыл қызметке» алғыс айтқанын баяндады.
Соңынан Трампты атқан мергеннің кім екені анықталды. Ол Бетел-Парктің 20 жастағы тұрғыны Томас Мэтью Крукс болып шықты. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері сол бойда атып өлтірген екен.