11 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде

12 Қыркүйек 2026 18:14
- Әлеумет, Жаңалықтар
«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 12 қыркүйек. Астана қаласында «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Қызылорда облысының «Тамырдан туындыға…» атты көрме-жәрмеңкесі басталды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Екі күнге созылатын көрме-жәрмеңке ертең аяқталады.

Шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрлері Евгений Кочетов, Айбек Сыдықов, креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма төрағасы Ерлан Қаналимов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, елордалық тұрғындар қатысты.

Жоба Сыр өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын заманауи шығармашылықпен сабақтастырып, ұлттық құндылықтарды жаңа форматта танытуға және тың идеяларды жүзеге асыруға арналған.

Іс-шараға 100-ге жуық креатор қатысып, 21 экономикалық қызмет бағыты бойынша авторлық туындылары мен шығармашылық өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Келушілер Сыр бойының басты брендтерінің біріне айналған ақ күріштен салынған бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Шығармалар күріштің өңір тарихы мен тұрмысындағы маңызын, Сыр елінің табиғаты мен мәдени ерекшелігін танытады.

Сонымен қатар көрмеге дәстүрлі қолөнер мәдениетін дәріптейтін сүйек, ағаш және киізден жасалған ұлттық бұйымдар қойылған. Әр бұйымда Сыр бойына тән ұлттық нақыш, дәстүрлі өрнек және табиғи материалдарды өңдеудің өзіндік шеберлігі көрініс тапқан.

Креативті алаңда Qyzylorda Hub мамандары өз жобаларын, «Qyzylorda» телеарнасы «Syr Travel», «Qyzylorda Expedition», «Құдайы қонақ» секілді креативті жобаларын таныстырады.

Сонымен қатар екі күн бойы Qazaq Creative Hub алаңында Сыр өңірінің өнерпаздары жасанды интеллект технологияларын шығармашылықпен ұштастырған концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынады.

Айта кетейік, аймақта креативті индустрияны дамыту бағытында белсенді жұмыс істеп келе жатқан 146 креатордың 120-сы, яғни 82,2 пайызы республикалық креаторлар реестріне енгізілген. Бұл көрсеткіш Қызылорда облысын республика өңірлері арасында алғашқы үштікке орнықтырды.

Таңбалар: Астанакөрме-жәрмеңкеҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026
Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)
Әлеумет

Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

07.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist