Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол: Армения – Қазақстан. Қай құрама күшті? Кездесулер ара-салмағы

ЕРЕВАН. 7 маусым. Армянның sportball24.com таблоиды Армения және Қазақстан құрамаларының осы кезге дейінгі өзара кездесулерін саралап шықты. Бұл туралы rast.lz хабарлайды.

Салыстырулар екі ел бас командаларының өзара кездесулерінде армяндардың едәуір басым болғанын көрсетеді.

Сонымен, Армения – Қазақстан құрамалары кездесулерінің тізбесі мынадай:

  1. Армения – Қазақстан, 19 ақпан, 2003 жыл

Турнир: жолдастық кездесу

Өткізілген жері: Пафос, Кипр.

Нәтижесі: 3:3 (пенальтиден 2:3, Қазақстанның пайдасына).

Голдар: Галуст Петросян, Артавазд Карамян, Арман Карамян (Армения), Нұрбол Жұмасқалиев (2), Андрей Финонченко.

  1. Қазақстан – Армения, 2 маусым, 2007 жыл

Турнир: Еуропа-2008 чемпионатының іріктеу ойыны

Өткізілген жері: Алматы, Қазақстан.

Нәтижесі: 1:2, Арменияның пайдасына.

Голдар: Руслан Балтиев (Қазақстан), Роберт Арзуманян, Саргис Овсепян (Армения).

  1. Армения – Қазақстан, 21 қараша, 2007 жыл

Турнир: Еуропа-2008 чемпионатының іріктеу ойыны

Өткізілген жері: Ереван, Армения.

Нәтижесі: 0:1, Қазақстанның пайдасына.

Гол: Сергей Остапенко (Қазақстан).

  1. Армения – Қазақстан, 26 наурыз, 2008 жыл

Турнир: жолдастық кездесу

Өткізілген жері: Ереван, Армения.

Нәтижесі: 1:0, Арменияның пайдасына.

Гол: Эдгар Манучарян (Армения).

  1. Армения – Қазақстан, 5 маусым, 2012 жыл

Турнир: жолдастық кездесу

Өткізілген жері: Ереван, Армения.

Нәтижесі: 3:0, Арменияның пайдасына.

Голдар: Геворг Казарян (2), Юра Мовсисян.

  1. Армения – Қазақстан, 26 наурыз, 2017 жыл

Турнир: 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі

Өткізілген жері: Ереван, Армения.

Нәтижесі: 2:0, Арменияның пайдасына.

Голдар: Генрих Мхитарян, Арас Озбилис.

  1. Қазақстан – Армения, 8 қазан, 2017 жыл

Турнир: 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі

Өткізілген жері: Астана, Қазақстан.

Нәтижесі: 1:1.

Голдар: Бауыржан Тұрысбек (Қазақстан), Генрих Мхитарян (Армения).

Кездесулердің жалпы қорытындысы:

Матч саны: 7.

Қазақстанның жеңісі: 1.

Арменияның жеңісі: 4.

Тең ойын: 2.

Бір кездесуден кейінгі пенальтиде Қазақстан құрамасы басым түсті.

Доп айырымы: 12 – 6, Армения құрамасының пайдасына.

Екі құрама арасындағы бүгінгі жолдастық кездесу Ереван уақытымен сағат 18:00-де (Астана уақытымен – 21:00) басталады. Матч Еревандағы Республикалық стадионда ойналады.

Ойын H1 (Армения), Fast Sports (Армения), Qazsport (Қазақстан), Fox Sports Plus (АҚШ), MEGOGO Football 3 (Украина) телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасы бұдан кейін, 11 маусымда Венгрия жерінде Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button