18 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ Украинаға Қырым түбегін ATACMS ракетасымен соққылауға рұқсат берді

27 Сәуір 2024 14:12
- Жаңалықтар, Жаһан
АҚШ Украинаға Қырым түбегін ATACMS ракетасымен соққылауға рұқсат берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 27 сәуір. Қырым түбегі бұдан былай РФ армиясының ықтасын панасы бола алмайды. АҚШ Украинаға оны оңды-солды атқылауға келісті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Украина енді Кремль армиясына соққы беру мақсатында оккупацияланған түбекті  атқылаудың астына ала алады», – деп атап көрсетті ресурс өткен түндегі жарияланымында.

Ресей армиясы 2014 жылы басып алған Қырым түбегі соғыс басталғалы бері ресейлік әуе-қорғаныс және жер жағдайындағы әскерлер үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз аймаққа айналып келіп еді. Алайда Украина Қарулы күштерінің арсеналында кемі 300 шақырым қашықтағы нысананы беймалал ала беретін ATACMS зымырандары пайда болғаннан кейін бұған қатысты ахуал күрт өзгергелі тұр.

АҚШ-тың The New York Times (NYT) газеті Пентагонның жоғары лауазымды өкілдеріне сілтеме жасап жазғанындай, АҚШ билігі Украинаға РФ армиясының нысандарын нысанаға алып, Қырымды ATACMS ракеталарымен атқылауына «жасыл жарық» жандырып беріпті.

«Жаңа жүйе Украинаның Ресей басып алған бөліктеріне мейлінше тереңдетіп барып, РФ армиясының оңтүстік-шығыстағы бөлімдеріне күйрете соққы жасауына зор мүмкіндіктер береді», – деп жазды мәтбұғат.

Журналистермен анонимдік жағдайда сөйлескен америкалық шенеуніктер Украинаның өткен сейсенбіге қараған түні жай басып алған Бердянскіге жасаған шабуылында ATACMS ракеталарын қолданғанын атап өтті. Бұдан бұрын украиндар Джанкойдағы әскери аэродромды да осы қарумен атқылаған болатын.

Бұдан алдын NYT басылымы АҚШ-тың Украинаға берген әскери көмегі пакетінде ATACMS ракетасының 100 данасы болғанын жазған еді. Ал Конгрестің бекітуімен, Джо Байденнің қол қоюымен қабылданған заңның аясында Киевке берілетін қару-жарақтың арасында аталмыш зымыранның үлес салмағы өте жоғары болғалы тұр

 

 

Таңбалар: ATACMSқырымУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist