18 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақ боксшылары үш алтын медаль жеңіп алды

28 Наурыз 2024 20:17
- Жаңалықтар, Сайыс
«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақ боксшылары үш алтын медаль жеңіп алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАКЫ. 28 наурыз. Қазақ боксшылары Әзербайжан байтағында бүгін мәреге жеткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде алтын медаль санын үшке жеткізді. Бұл туралы Olympic.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бакы шаршы алаңындағы финалдық жекпе-жекке бес қазақ боксшысы қатысып, олардың үшеуі алтын медальге қол жеткізді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, мұның алдында рингке көтерілген 48 келіге дейінгі салмақтағы Теміртас Жүсіпов – әзербайжан Гасан Меликовтен, 54 келіге дейінгі салмақтағы Тимур Қабдешов өзбек Хужаназар Нортоджиевтен ұтылып, турнирдің күміс медалін қанағат тұтуға мәжбүр болған еді.

Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді әперген бізден үшінші болып жекпе-жекке шыққан 60 келіге дейінгі салмақтағы Талғат Сырымбетов болды. Ол алаң иелерінің өкілі Эзрак Бабировты ұпай санымен тізе бүктірді.

Бір қуаныштысы, бұдан кейін айқастарын өткізген екі саңлағымыз да жанкүйерлерін жерге қаратпай, қарсыластарын жеңіп шықты. Атап айтқанда, 71 келіге дейінгі салмақтағы Дархан Дүйсебай – өзбек Бекзод Хамидовтан, ал 92 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай (суретте) Олимпиада жүлдегері, бірқатар жылдардан бері әзери елінің намысын қорғап жүрген кубалық Альфонсо Домингестен басым түсті.

Сонымен, Қазақстан боксшылары «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді қоржынға салды. Қола медаль 86 келіге дейінгі салмақта шайқасқан Бекзат Таңатардың еншісіне бұйырды.

Сол сияқты 51 келіге дейінгі салмақтағы Дамир Әбдіқадыр мен аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев өздерінің бірінші ұрыстарында ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Бұлардың біріншісі ирандық Мехди Парвизи Хорасаниге, екіншісі ресейлік Рамазан Карнукаевқа есе жіберіп алды.

Командалық есепте Өзбекстан терме жамағаты (6-5-5) – бірінші, Қазақстан – екінші (3-2-1), Әзербайжан құрамасы (2-1-0) үшінші орын алды.

Турнирге 11 елден 121 боксшы қатысты. Әзербайжан атлеті Шамиль Аскеров турнирдің үздік боксшысы атанды.

Таңбалар: Бакықазақ боксшыларыүш алтын медальҰлы Жібек жолы

Ұқсас мақалалар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстанның үш палуаны Азия чемпионатының соңғы күні «алтын» алды
Жаңалықтар

Қазақстанның үш палуаны Азия чемпионатының соңғы күні «алтын» алды

27.05.2026
Бакыде ұсталған ресейліктер төрт айға қамауға алынды
Жаңалықтар

Бакыде ұсталған ресейліктер төрт айға қамауға алынды

02.07.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist