Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Афинадағы матчтан соң қазақ жастары стадионды тазалап, елді сүйсінтті (видео)

АФИНА. 24 наурыз. Грекия – Қазақстан құрамалары арасындағы ойыннан соң стадионды қоқыстан тазалаған қазақстандық жастар елді сүйсінтті. Бұл туралы nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Биылғы 21 наурыз күні Афинада Грекия – Қазақстан құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалында кездесті. Мачт 5:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Соған қарамастан, өз елінің бас командасына қолдау көрсету мақсатында Қазақстаннан барған жастар ойыннан кейін стадионды түгел тазалап шығып, көрген жандардың көңілін сүйсінтті.

Осы сәт шағын видеосюжетке түсіріліп, әлеуметтік желіде тарап кетті.

Видео archibaaaalt TikTok желісіндегі парақшасында жарияланды.

Одан қазақстандық футбол жанкүйерлерінің матч аяқталғаннан кейін стадионды тазалап, қоқыс жинап жүргенін көруге болады.

«Жеңісте де, жеңілісте де ұлттық құрамамен біргеміз. Алға, Қазақстаным! Соңына дейін қолдау білдіру керек. Тазалық сақтап, адам болып қалуды ұмытпайық», – деп жазды видео авторы.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button