Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Петербург әуежайы дрондар шабуылынан кейін уақытша жабылып қалды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 10 наурыз. Украина Қарулы күштері дрондарының шабуылына ұшыраған Петербург аэропорты бүгін жолаушыларға есігін айқара жапты. Бұл туралы «Фонтанка» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Дрондар шабуылынан соң өртке оранған жерге жақын орналасқан Пулково әуежайы «Кілем» жоспарын іске қосып, ұшақтардың мұнда қонуына да, ұшып шығуына да тыйым салып тастады.

Baza арнасы хабарлағандай, «Кілем» жоспарының енгізілуіне ұшқышсыз ұшақтардың Петербург кәсіпорынларының біріне шабуыл жасағаны себеп болған. Осының алдында Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко бір дронның атып түсірілгенін баяндаған еді. Ол әуе шабуылына қарсы күштердің Тосно ауданындағы Форносово кенті ауданында нысананы жойып жібергенін айтты. Жалпы, Нева жағасына үш беспилотник келген екен. Олардың екеуі жойылған деседі.

Шамамен осы уақытта Петербург түбіндегі өндіріс аймағынан аумағы 1000 шаршы метрді алған өрт шықты. От ангардың ішінде тұтанған, одан 2 адам зардап шеккен.

Осыдан аз ғана уақыт бұрын көрші Новгород облысында да бір дронның атып түсірілгені баяндалды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button