Путин Навальныйдың жерлеу рәсімі елде бүлік туғызып кетуінен қорқады
МӘСКЕУ. 1 наурыз. РФ диктаторы Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальныйдың өлімі Ресей жұртшылығы арасында бүлік тудырып кетпеуін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оппозиционердің жаназасынан өлердей қорыққан Путин оның барысында халықтың толқуы мен наразылығы тұтанып, соңы үлкен бүлікке алып бармау жағын жан-жақты қарастыруға айрықша күш салды.
Кремль осыған байланысты федералды қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды генералдары қатысқан арнайы жиын өткізді.
Үкіметтегі мәнбелердің айтуынша, Навальныйды жерлеу шарасы, – Путин өзіне өзі сенімді екенін көрсетуге тырысып жүргенімен, – елдің жоғары лауазымды басшылығының қатты алаңдаушылығын туғызып отыр.
«Навальныйды жерлеу – Ресей билігі үшін стрестен тест тапсырумен бірдей. Бұл тақырып Кремль шенеуніктерінің, федералды қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды генералдары қатысқан жасырын арнайы жиында кеңінен талқыланды», – деді мәнбенің бірі.
Оның айтуынша, арнайы қызмет алдына «елді конституциялық құрылымға төнген қауіптен сақтап қалу» жөнінде «операция» жүргізу міндеті қойылған. Онда пропаганданың, яғни насихаттың атқаратын рөліне айрықша көңіл бөлінген. «Баяғы с [Андрей] Сахаровпен қощтасу кезінде орын алғандай көріністің қайталанбауына жол бермеу міндеті қойылды», – деді шенеуніктердің бірі. 1989 жылы кеңестің диссидент физигі, Нобель сыйлығының лауреаты қайтыс болғанда Мәскеудегі шеруге жүздеген мың адам қатысқан еді.
Алексей Навальный Ямал-Ненец автономиялы округінің Харп кентіндегі «Полярный волк» колониясында күтпеген жерден қайтыс болды. Бұдан кейін билік оның денесін отбасына бермей тұрып алды.
Германия билігі оның дәл сол күні әлдекіммен алмастырылып, түрмеден шығуға тиіс болғанын да айтып отыр.