Армения Ресейді лақтырып тастап, Францияның қолтығына барып кірді
ЕРЕВАН. 27 ақпан. Жақында ғана Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше болуды доғарған Армения Францияның қанаты астына барып тығылды. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазіргі күндері Франция армиясы екі елдің кеңейтілген әскери ынтымақтастығы аясында армян солдаттарын жаттықтыра бастады.
Жылдар бойы Кремльге үміт артып келген хайлар өздерінің алданып жүргендерін кейінгі кездері байқай бастады. Олар әсіресе Әзербайжан армиясымен Қарабақ жері үшін соғыста жеңіліс тапқаннан кейін мұны айқын сезінді. Ал Түркия сияқты қуатты қолдаушысы бар Бакы әскерлері бұларды бет қаратпады.
Сондықтан Ереван соңғы жылдары РФ-мен қорғаныс саласында әріптес болудан бас тартты. Сөйтіп, армяндар шұғыл түрде мықты одақтас іздеуге кірісті. Бұған бұрыннан өздерін жақын тартып жүрген француздардан артық кандидат көрмеді.
Француздың Le Monde газетінің жазуынша, қазіргі таңда Париж армян жаяу әскерлерін таулы жерде соғысудың ұңғыл-шұңғылын үйретіп жатыр.
«Әдетте Ерваннның басты әскери демеушісі Ресей болушы еді. Сондықтан армяндар француздардың бастауындағы жаяу әскерлер қимылы мен таулы жерлердегі әрекеттер жаттығуларын өте абайлап бастады», – деп жазды мәтбұғат.
Әзірге оқыту мерзімі бір айға созылады. Алайдас соңынан Армения мен Францияның әскери ынтымақтастығы жалғасып кете беруі ықтимал.