Алматы облысында бірнеше ауылдың атаулары өзгерді
АЛМАТЫ. 24 ақпан. Алматы облысының мәслихаты Іле, Кеген және Талғар аудандарындағы бірқатар ауылдардың атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Nege ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Өзгеріске мына елді мекендердің атаулары ілікті:
Іле ауданы бойынша
Энергетик ауылдық округі – Өтеген батыр ауылдық округі;
Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы;
Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы – Байкент ауылдық округі және «Байкент» ауылы;
Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі және «Ақсай» ауылы;
ҚазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – КазЦИК ауылдық округінің «Жайнақ» ауылы;
ҚазЦИК ауылдық округі мен ҚазЦИК ауылы – Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Асқар Тоқпанов ауылы.
Кеген ауданы бойынша
Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы Жалағаш ауылдық округі және «Жалағаш» ауылы болып өзгертіледі.
Талғар ауданы бойынша
Панфилов ауылдық округіндегі Қызыл-Ту-4 ауылының атауы «Жібек жолы» ауылы болып өзгереді.
Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.