АҚШ Украинаға «Қырымнан да ары асып түсетін» ATACMS-ты бергелі отыр
УАШИНГТОН. 20 ақпан. АҚШ Путинмен келіссөз жүргізу мүмкін емес екеніне көз жеткізгесін Украинаға «Қырымнан ары баратын» ATACM беретін болды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға алысты көздейтін ATACMS баллистикалық ракеталарын жеткізіп беру жолында жұмыс жасап жатыр», – деді америкалық шенеуніктердің екі мәнбесі NBC News тілшісіне.
Олардың айтуларынша, АҚШ өткен жылғы күзде Киевке орта алыстықтың ескі үлгісіндегі (160 шақырым) тактикалық ракета жүйелерін берген еді. Енді Ақ үй Украинаға қазіргі заманғы үлкен алыс қашықтықтағы (300 шақырым) ракеталарды жіберуге ынта танытып отыр. «Олар украин армиясына «Ресей жаулап алған Қырымнан» ары жерлерге де сұрапыл соққы жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті мәтбұғатқа сұхбат берушілер өз сөздерінде.
Алайда мәселе бұрынғысынша Украинаны қаржыландыру мәселесіне келіп тіреліп тұр. Конгресс Украинаға берілетін $61,4 млрд сомасындағы көмектің жаңа пакеті үшін дауыс беруді наурыз айының ортасынан бұрын қолға алмайды.
АҚШ президенті Джо Байден Конгрестің бұл жайбасарлығына көңілі толмайтынын білдірді. Ол АTACMS баллистикалық ракеталарының заманауи үлгідегі нұсқаларын Украинаға қалайда беретіндерін айтып сендірді.